«педагогика»



бет4/45
Дата05.03.2022
өлшемі186,9 Kb.
#27091
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Дәрістік кешен

Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Бұл бағытты дәріптеуші көрнекті өкілдер: Н.А.Бердяев, Ли.И.Шестов, М.Хайдеттер, Г.Ясперес, Ж.Сатр және т.б.

Экзистенциализмнің негізгі ұғымы –тіршілік -өз «меніне» шомған жекеленген адам болмысы. Экзистенциалистер қазіргі қоғамның жеке адамды күйреуге соқтыратын, оның өзіндік ерекшелегін жойып, қауымнан аласталуына және себепші келеңсіздіктерін алға тартады.

Неотизм-орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскийден бастауын алған әдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі-сана объективтігін мойындайды.

Прагматизм философиялық ағым ретінде ХІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде пайда болды. Ғылым, техника және өндірістің қарқынды дамуы материалистік философияның тұғырын бекіте түсіп, абсолюттік идеализмнің негіздеріне ақау салды. Прагматистік бағытты қалаушылар идеализм мен материализмнен бөлектенген жаңа философияны ұстанатынын жария етті.

Жаңаланған дәуір педагогикасы философиялық деңгейлі әрқилы әдіснаманы өз ғылыми зерттеулерінің бас қаруы ретінде міндетті түрде қолданып, пайдалануы қажет.

Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйліліктен танылуы мүмкін. Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідей зерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет теді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет