Дәріс 22. Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы.
Жоспар:
1. Қазақстан республикасының Конституциясындағы білім беру мәселелері.
2. ҚР білім беру саласындағы негізгі құжаттарға сипаттама. ҚР білім саласындағы тұжырымдамалар.
3. Мектеп түрлері, олардың сипттамасы. Ондағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
Білімнің мемлекеттік сипатын елде ҚР «Білім туралы Заңына» сай жүріп жатқан білім саласындағы біртекті мемлекеттік саясат айқындайды. Ол тарихи қалыптасқан қағида. Оның ұйымдасу негізі- нақты уақытқа арналған жоғары заң шығарушы билік қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама мазмүны, бір жағынан, мемлекеттік саясаттың жалпы принциптерімен анықталса, екінші жағынан, замандық бағыт-бағдар және болашақ даму жағдайларын ескерумен білім жүйесіне жасалатын объектив талдаулар нәтижелерімен белгіленеді.
Білім кеңістігінде мемлекет саясатын бірізді асырып бару үшін мемлекеттің білім басқару- республикалық, облыстық, аудандық -органдары түзіледі. Елдегі басқару құрылымдары- білім және ғылым министрлігі , облыстықБілім беру жүйесінің белгілі бір ретпен жасалған (иерархиялық) құрылымының әрбір элементінде, министрлік болсын, облыстык, аудандық басқарушы ұйым (департаменттер, білім беру бөлімдері) немесе мектептер болсын, бәрінде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың басқа да түрлері кездеседі, мысалы: әкімшілік, шаруашылық, құқықтық. Білім беру жүйесінін шеңберінде бір-бірімен байланысты, олардың бәрі жалпы тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуге бағытталған. О.С. Анисимов: "Білім беруді басқаруды жіктегенде мынаны ескеру керек: басқару - адам іс-әрекетінің ең маңызды түрлерінің бірі. Бұл іс-әрекет қатал шектеу мен бөлуге көнбейді" -деп, дүрыс айтқан.
Егер білім беру жүйесін қарайтын болсақ, педагогикалық басқару мен басқарудың басқа түрлерінің үлес салмағы мен қатынасы әртүрлі екенін байқауға болады. Мысалы, министрлік, облыстық, аудан және қалалық білім беру басқармасы деңгейінде кешенді процесс ретіндегі басқару жүйенің арнайы кұрылымын құруға, ведомстволық мекемелер мен адамдар кызмет-әрекетіне кажетті материалдық, ұйымдастырушылық, кадрлік және басқа да жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. оқу департаменттері және аудандық оқу бөлімдеріне бөлінген.
Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз.
Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын, үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең алдымен мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегеніміз белгілі бір мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәні педагог және оқушылар ұжымы жұмысының негізгі бағыттарын дамытып және тереңдетіп, мектеп жұмысының барлығы тәжірибесін есепке алу деген сөз. Бұл мұғалім, сынып жетекшісі, қоғамдық ұйымдар әрекетіне және мақсаттар қою болып табылады.
Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлылығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал, жоспарластыруға қойылатын комплекстілік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланысты қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол мектеп қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесін жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, мектептегі өзге басқару құрлымдарының жоспарымен үйлеспеушілікке апарып соғады. Мектептердің тәжірибесі көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.
Перспективалық жоспар мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
Оның құрлымы мына сипатта болуы мүмкін:
- Жоспарластырған мерзімдегі мектептік міндеттері.
-Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.
- Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.
- Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
- Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
- Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту.
- Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңге қамтиды. Бірінші кезеңде мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теориялық және әдістемелік, нормотивтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде директордың басшылығымен жоспар, жобасының құрылымын жасау, қажеті мағлұмат көздерін тауып, мәлмет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде жинақталған мәлметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындылықтырдың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртінші кезеңде жоспаржобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.
Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің санасын көтеру қызметі. Бұл, әсіресе, білімнің, дағдының іскерліктің сапасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру және жіктеу болып болып табылады.
Мектептің, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тәрбесіндегі бірлескен жұмыстары.
Педагог кадрлермен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, мектептік ғылыми-әдістемелік мәселелермен – семинар, конференция, педоқу, әдістемелік кеңес отырыстары, педагогикалық кеңес өткізу.
Мектепшілік бақылау жүйесі. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы іс-әрекет бағдарламасы қарастырылады.
Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мектептің материялдық құндылықтары, оқытудың техникалық құралдары, оқу құралдарын тегіндеп отыру жыл бойы жоспарластырылады. 8. Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Жоспарлардың бұл бөлімінде мектеп кеңесінің отырысының, педагогикалық кеңестің, өндірістік жиынның тақрыптары жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |