Педагогикалық қабілет



Дата19.10.2023
өлшемі71,01 Kb.
#119555
Байланысты:
Педагогикалық қабілеттер Султанова

Педагогикалық қабілет

Орындаған: Султанова Мадина Муратбекқызы

Қабілет психологияда – адамның тиісті меңгеруге икемделген мүмкіншілігі деп сипатталады.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕР – мұғалімнің педагогтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жал- пылама жиынтығы.

Педагогикалық қабілеттің түрлері : гностикалық; дидактикалық; коммуникациялық; ұйымдастырушылық; перцептивтік ; болжамдаушылық ; суттестивтік; экспрессивтік;

гностикалық - танып білу және одна ләззат ала білу; дидактикалық -түсіндіре білу, білім бере үйрете білу; коммуникациялық -қарим-қатынас, ынтимақтастық жасай білу; конструктивтік -оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу; ұйымдастырушылық -шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, торта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу; перцептивтік -баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік;

болжамдаушылық -педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болтай білу; суттестивтік -мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті; экспрессивтік - мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, им, и шара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі;

А.С.Макаренко айтқандай, оқушылар педагогтың қаталдығын да, кекету, мұқатуды да кешіреді, бірақ өз ісін нашар білгенді емес.

Педагогтың оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты бақылампаздық – бұл адамның рефлексивті – гностикалық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің екінші тобы. Оқушыларға педагогикалық еріктік әсер ету, педагогикалық талап қоюшылық, педагогикалық әдеп, оқушылар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті – бұл қазір тап жүргендей интерактивті- коммуникативті қабілеттер. Қабілеттердің аса маңызды төртінші тобы – педагог тілінің мазмұндылығын, ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігін сипаттайтын қабілеттерді қамтиды.

Л.М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс - әрекет – қарым – қатынас –тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі ччтобин анықтайды. Жорамалдаушы гностикалық қабілеттер: - педогогикалық мақсатты ұйғару; - педогогикалық ойлау Рефлексивті: -перцептивті қабілеттер: - педогогикалық рефлексия; - педогогикалық әдеп; - педогогикалық бағыттылық

Педагогикалық қабілеттің ядросы – адамның психо – техникалық қарулануы, яғни психикалық күйлерді бағалау және қабылдаудың тереңдігі мен нақтылығы, өзіндік мінез–құлқына деген жауапкершілік сезімі.

Белгілі философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды: - каналылық; - жакапкершілік; - еркіндік; - жеке басының қадірі; - даралық; - қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.

Педагогтың индивидуалылығының қалыптасуы баланың жеке тұлғасын шығармашылық тұрғыдан тәрбиелеуге жағдай жасайды. Педагогикалық іс - әрекеттің индивидуалды стилінің белгілері оның қабілетінен, темпераментен, оқыту әдістерін таңдаудан, тәрбие құралдарын таңдаудан, педагогикалық қарым- қатынас жасау стилінен, мінез –құлық мәнерінен, оқушыға психологиялық – педагогикалық әсер ету құралдарын қолданудан көрінеді. Әртүрлі индивидуалылықты меңгерген мұғалімдер көптеген оқыту және тәрбиелеу міндеттерінің ішінен тек бірін ғана таңдап алып, бірақ оны түрліше жүзеге асырады. Мұғалім басқа педагогтың педагогикалық тәжірибесін көшірмеуі тиіс. Мұғалім әрқашан өз- өзімен яғни айқын педагог болып қалуы тиіс. Бұл балаларды тәрбиелеу және оқытудың тиімділігін жоғарылатады.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Тілеуова С. Жоғары мектеп педагогикасы, Шымкент,2004 Игенбаева Р. Жоғары мектеп педагогикасы, Алматы, 2008 Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы,2004 Селевко Г.К. Современные образовательные технологии, 1988 М Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы, 2005 Педагогикалық психология. Алматы, 1995

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет