Педагогикалыќ баєдарламалыќ Ќамтылу (ПБЌ)


Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi



бет14/65
Дата13.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#25397
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65
Байланысты:
лекциялар

Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi.

Жаңа ақпараттық технологияларды (ЖАТ) жаппай игеру, оларды педагогикалық жүйеге енгізу бойынша зерттеу жүргізу және т.б. Ақпараттандырудың әр түрлі компоненттеріне орта білім беру мекемелері құрылымының түрлі саласында бірдей көзқарас жоқтығы анықталған.

— Білім беруді ақпараттандыру құралдары – оқыту мен тәрбие жұмысында психология- педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған және білім беру саласында ақпаратпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйесі және компьютерлер базасында істейтін программалық- аппараттық құрал.

— Дербес компьютер (ПК,ЭВМ)- есептеуіш және ақпараттық тапсырмаларды шешу барысында ақпаратты автоматты өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені

— Мультимедиа – әр түрлі цифрлық түрдегі ақпараттарды: мәтін, суреттер, схемалар және т.б. құру, сақтау және еске түсіруге арналған компьютерлік құрал.

— Электрондық әдістемелік құрал – білім беру әрекетінің жаңа модельдерін құрастырып, кеңейтуге, педагогикалық тәжірибені тарату мен жалпылауға бағытталған білім беретін электрондық басылымдар.

— Электрондық оқу құралы – оқулықтың жеке немесе толық орнын алмастыратын немесе толықтыратын және басылымның осы түрі ретінде арнайы бекітілген электрондық оқу басылымы.

Электрондық оқу құралы дидактикалық қасиетін жоғалтпай тұрып, қағаздық нұсқаға ықшамдалып берілмейді.

— Электрондық оқулық – жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде білім беру стандартының мамандықтары мен салаларын кұрайтын пәндеріне сәйкес интерактивті кері байланыс орнату шартындағы оқыту процесінің толық дидактикалық циклі мен үздіксіздігін қамтамасыз ететін, мемлекеттік ұйымдармен тапсырылатын, аталмыш басылым түрінің ресми статусына ие, негізгі білім беретін электрондық басылым. Электрондық оқу басылымының нысаны ретінде берілген оқу курсында оқытылатын құбылыстар мен процестер, нысандар байланысы мен қасиеттерін, сондай –ақ ғылыми негізделген фактілер, пайымдаулар мен ережелер жиынтығын құрайтын сандық, мәтіндік, графикалық және т.б. оқыту ақпаратын қамтуы тиіс.

— Электрондық (виртуалдық) зертхана – нақты құбылыстардың көрнекі модельдерін жасап зерттеуге мүмкіндік беретін білім беруді ақпараттау құралдарының кешені.Әлемдік тәжірибеде математика, химия, физика, экология және т.б. салардағы виртуалды зертханалар бар.

— Электрондық кітапхана – оқушылар мен педагогтерге телекоммуникациялық құралдар негізінде қауіпсіздік пен құжаттау жүйесімен қамтылған толық мәтіндік электронды ақпараттық басылымдар мен қорларды алуға және жинақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалық кешен.

Басты себеп-мұғалімінің ақпараттық-коммуникациялық құзырылығы мен ақпараттық мәдениетінің қалыптастыруының төмендігінде.Соңғы жылдарда білім беру жүйесіне енген «құзырылылық» немесе «құзіреттілік» ұғымы- жеке қасиеттері мен білім, білік, дағды,іс-тәжірибесі, түсінігінің бірлігін сипаттайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет