Transform мәзірі
Еркін өзгерту инстурменті Free Transform көмегімен белгіленген объектіні айнлдыруға, белгіленген объектінің ішкі бұрыштарына тышқан меңзерін қойюға, сонымен бірге объектіні қозғалтуға болады. Фигура центрі ақ нүктемен белгіленеді. Осы нүктені басқа жерге қозғалту ақылы, сіз трансформация осін өзгерете аласыз, бірақ фигураның тұрған орны өзгермейді.
Transform панелімен жұмыс
№9 - практикалық сабақ. Объектілерді трансформациялау
Қарастырылатын сұрақтар:
Объектіні трансформациялау (пішінін өзгерту).
Мақсаты: Объектіні трансформациялау түрінде анимация құру.
Пішінін (форма) өзгерту анимациясы қозғалыс анимациясына ұқсас.
Объектінің қасиетін өзгерту (орны, өлшемі, бұрылуы, түссіз /прозрачность/) анимациясынан басқа объектінің пішінін өзгерту анимациясын құруға болады.
Пішінін өзгерту анимациясын құру жолы:
1. Әр түрлі объектілері бар екі бөлек негізгі кадрлар құрыңыз.
2. Бірінші кадрдан бастап екінші кадрға дейін белгілеңіз.
3. Properties алаңынан Tween: тізім батырмасынан Shape командасын қосыңыз.
Пішінін өзгертуде нүктені белгілеу.
1. Әр түрлі объектілері бар екі бөлек негізгі кадрлар құрыңыз.
2. Бірінші кадрдан бастап екінші кадрға дейін белгілеңіз.
3. Properties алаңынан Tween: тізімінен Shape командасын қосыңыз.
4. Бірінші кадрды белгілеп, Modify/Shape/Add Shape Hint командасын орындаңыз.
Объектінің үстінде латын әріптермен жазылған қызыл түсті нүктелер пайда болады. Олар пішінін өзгерту жағдайын белгілеу нүктелері (морфинг-точка привязки) деп аталады. Олардың орнын ауыстыруға болады.
5. Дәл осы әрекетті екінші негізгі кадрда жасаңыз. Содан кейін қызыл нүктелердің түсі өзгереді: бірінші кадрда – сары түсті, екіншісінде – жасыл түсті. Егер нүктелер осындай түстерге боялса, олар дұрыс қойылған.
Нүктелер объектінің жиек сызығында немесе құйылған сия (заливка) шетінде орналасуы қате деп саналады.
Керісінше қойылған барлық нүктелерді мүлдем алып тастау үшін Modify/Shape/Remove All Hints командасын орындау қажет. Ал белгілеу нүктелерді қосу/өшіру әрекетін орындау үшін View/Show Shape Hints командасын орындау керек.
Тапсырма.
Мәтін құралын пайдаланып «А» әрпін жазыңыз.
15-кадр негізгі кадр болсын.
15-кадрдағы «А» әріпін алып, тастап орнына «Ә» әріпін жазыңыз.
сол әрекеттерді жалғастырып, 30-шы кадрға «Б», 45-кадрға «В», 60-кадрға «Г» әріптерін енгізіңіз. Енгізілген әріптердің түсін өзгертіңіз.
Соңғы кадрдағы «Г» әрпін белгілеп Modify/Break Apart бөлектеу командасын орындаңыз. Дәл осы әрекетті 45, 30, 15, 1-кадрларға орындаңыз.
Properties алаңынан Tween: тізімінен Shape командасын қосыңыз.
Нәтижені көру үшін менюден Control/Test Movie командасын орындаңыз.
Ескерту: жасалған анимация Flash Movie (.swf) типінде сақталады.
Тапсырма.
Әр түрлі суреті бар, әр түрлі пішінде құттықтау қағаза (открытка) қиындысын үш негізгі кадрға жасаңыз (объектіні суретпен құйыңыз).
Кадрлардың барлығын белгілеп, Properties алаңынан Tween: тізімінен Shape командасын қосыңыз.
Бірінші кадрға пішінін өзгеру нүктесін (морфинг) қойыңыз: Modify/Shape/Add Shape Hint командасын орындаңыз.
Құрастырылған анимацияны көріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |