«Педагогикалық диагностика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №3 басылым 2013 жылғы


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет28/48
Дата11.03.2022
өлшемі106,75 Kb.
#27575
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
«Педагогикалы диагностика» п ніні о у- дістемелік кешені №3 ба

Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1.Тест түрлері және оны қолдану салалары.

2.Тест жүргізу үшін қойылатын талаптар.

3.Тест нормаларының ұғымы және орнату әдісі.


Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.



Тақырып 8. Психологиялық – педагогикалық диагностиканың құралдардың топтастырылуы
Мақсаты :

Студенттерге педагогикалық диагностика әдістерінің анықтамасы туралы түсінік беру және педагогикалық диагностика әдістерінің өлшемдерін анықтау.



Жоспар:

1. Педагогикалық диагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы.

2.Педагогикалық диагностика әдістері және оларды жіктеу.

Педагогикалық диагностикалық қорытындыларда қолданылатын мәлімет-тердің сипаттамасы бойынша әдістемелер объективтік (зерттелетін адамның немесе экспериментатордың сана – сезімінен немесе еркінен тәуелсіз көрсеткіштер қолданылады) және субъективтік (зерттелетін адамның немесе экспериментатордың сана – сезімдерімен еріктеріне тәуелді мәліметтер қолданылады). Объективтік түрге мысал ретінде қолданғанда бағалаудағы субъективтік минимумға келтірілген физиологиялық , рефлексивтік нәтижелері бар тесттерді айтуға болады. Субъективтік түріне мысал ретінде интуиция мен ішкі тәжірибеге негізделіп жасалынған интроспекция мен қорытындыларды айтуға болады. Тест мөлшерлерінің бәрінің өлшемі бойынша педагогикалық диагностика әдістемелер ұқсас мөлшерлерге және ұқсас еместерге бөлінеді. Ішкі құрылысына қарай педагогикалық диагностика әдістемелер мономерлік және многомерлік деп бөлінеді. Біріншісінде бір ғана қасиет бағаланып диагностика жүргізіледі, екіншісінде бірнеше психологиялық қасиеттер бағаланып олардың педагогикалық диагностикасы жүргізіледі. Ал соңғысында педагогикалық диагностика әдістеме бірнеше жеке әдістерге бөлінеді. Олар подшкалалар деп аталып жеке бір педагогикалық қасиеттерді бағалайды. Мысалыға белгілі бір Спилбергер – Ханен тесті адамның үрейленуін бағалау үшін жасалынған. Бұл мономерлік әдістеме , ал Кеттелдің тұлғалық тесті многомерлік әдістемеге жатады. Педагогикалық диагностика әдістеме жан – жақты қарастырылып топтастырылады. Сондықтан кез – келген әдістемені жалғыз емес бірнеше топтарға топтастырып жатқызуға болады. Осыған байланысты жоғарыда аталған топтастырылған өлшемдер әртүрлі әдістемелердің сипаттамасында бірін-бірі толықтыратын етіп бағалануы керек. Бөлек топқа эксперименталдық мәліметтердің сапалық және сандық талдауына негізделетін педагогикалық диагностика әдістемелер кіреді. Бірінші жағдайда диагностикадан өтетін қасиет белгілі ғылыми ұғымдарда сипатталады, ал екінші жағдайда белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда ұнамды дәрежеде сипатталады. Кейде сапалық және сандық сипаттамалар бір-бірімен үйлеседі соңында зерттелетін қасиет сапалық және сандық сипат алады. Мысалы А.Е.Личко тестінде (жасөспірімдер мінезінің диагностикасы) мінезінің әр қасиеті сапалық және сандық сипаттамада болады.

Педагогикалық диагностиканың әдістемелері ғылыми және практикалық болып бөлінеді. Мұндай бөлінуі шартты түрде: белгілі психодиагнос-тикалық әдістемелердің көбісі практикалық психодиагностикада да , ғылыми – зерттеу эксперименттерінде де қолданылады. Олардың айырмашылығы төмендегіде: ғылыми – зерттеу әдістемелері анықтауға және әрі қарай зерттеуге бағытталған , ал практикалық – практикалық мақсаттарда қолданылып және оның дамуының дәрежесінің бағалауына бағытталған.

Және ғылыми әдістеме тек ғылыми зерттеулерде қолданылып , кең практикалық психодиагностика үшін тиімді емес. Практикалық әдістеме , керісінше , жан-жақты , қарапайым және арзанға түсу керек.

Педагогикалық диагностика әдістемелерінің көптігі қолданылуда шектеулер бар болғандығымен түсіндіріледі. Сондықтан шектеулері жоқ әдістемелерді шығарып , қолдану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет