Педагогикалық этика – адамның сырт көрінісі, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті, өзін дұрыс ұстауы әрі өз ортасына (барған жеріне лайықты киіну: жұмысқа, қыдыруға, тойға, т.б) байланысты киім-киісі, сөйлеу мәнері, мимика, жесть, дене қимылы жатады.
Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы этикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек. Әрқашан сұлу болып жүрейік.
Балалық өмірдің ең қызықты кезеңдері білім ордасында өтеді. Сол білім ордасының тұлғасы – ұстаз. Ұстаз шәкірттің жан сұлулығын зерделей зерттеп, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара түсуін қадағалайды, қамқорлық жасайды, өз баласындай көреді. Шәкірт ата-анасынан гөрі ұстаздардан көбірек тәлім-тәрбие алады. Балаға адам ретінде қадірің болу, ол үшін киім киісің, сөйлеу мәнерің, жүріс тұрысың, қарым – қатынасың үлгі болатындай болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |