«Тығырықтан шығу» ойыны
Ойынның шарты: Қатысушылар шеңбер құрап тұрады. Жаттықтырушы бір-бірінің қолдарынан ұстап тұруын сұрайды. Бір мезгілде бардығы қолдарын бірге көтеріп, арада пайда болған аралықтан өтіп, әбден бір жерге арасынан адам өте алмайтындай болып жатасып жиналады, тығырыққа тіреледі. Кейін осы шатасудан қолдарын жібермей жазылулары керек.
Шарт: қандай жағдай болмасын бір-бірінің қолдарын босатпауы қажет. Әбден жазылғанда тығырықтан шығады.
Сұрақ: шатасу кезінде кім не сезінді?
Педагогикалық жағдаяттар
Сіз балаларды тынышталдырып, оқу қызметін бастадыңыз. Бір уақытта бір баланың қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: «Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді»,-деді. Сіз қандай шешім қабылдайсыз?
Топтағы тәртіпті бір бала аяқ астынан сізге: «Меніңі ойымша, сіз педагог ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз»,-деді? Сіз қалай жауап берер едіңіз?
Сіз балалардың барлығына бірдей тапсырма бердіңіз. Бір бала «Тапсырманы орындағым келмейді»,- деді. Сіздің әрекетіңіз?
Тобыңызда бір бала ойламаған жерден «Сіздің маған басқа балаларға қарағанда жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын»,- десе, оның мұндай ұсынысына сіз қалай жауап бересіз?
Сізді әріптестеріңіз қандай деп есептейді?
Егер сіздің әріптестеріңіздің біреуі сіздің затыңызды рұқсатсыз алса өзіңізді қалай ұстайсыз?
Ебедейсіз жүретін бір балаңыз абайсызда сіздің стол үстінде тұрған телефоныңызға қолы тиіп, сындырып алды. Сол кінәсі үшін сіз оған мықтап ұрысып алдыңыз. Ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтты. Ертесіне ата-анасы келді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
Балалар түскі аста. Досымен ойнап отырған Бағдаулет ыдысты сындырды. Сіз әрине мықтап ұрыстыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, Бағдәулетте сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жіберді. Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
«Жылы алақан» жаттығуы
Барлығымыз ортаға келейік. Қазір бір бірімізге қарама қарсы тұрып, біріміз жұдырығызды түйіп, екіншіміз алақанымызды ашып тұрамыз. Алақанын ашып тұрған кісі жұмулы тұрған жұдырықты жылы сөздер айтып ашуымыз керек.
Бұдан біздің қарым қатынас этикамыз байқалады. Егер сізге айтылған жылы сөздер әсер етпесе алақаныңызды ашпаңыз.
Қандай әсер алдыңыз?
Мен бүгінгі тақырыпты аша алдым ба?
Маған айтар ұсыныстарыңыз?
№7 «Айналайын» бөбекжайы МКҚК
«Педагогикалық этика» тәрбиешілерге арналған тренинг
Орындаған: психолог Ә.Б.Карабалина
2022 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |