«Педагогикалық этика» тәрбиешілерге арналған тренинг «Құбыр жасау»



бет2/5
Дата18.04.2022
өлшемі19,44 Kb.
#31334
1   2   3   4   5
Байланысты:
педагогикалық тренинг әдеп

Педагогикалық этика - педагогтың әріптестерімен, ата-аналарымен және тәрбиеленушілерімен қарым-қатынас жасауда жалпы әдептік нормаларды басшылыққа алуы.

Қандайда бір мамандықтың да айрықша белгісі болады. Ол адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу маңызды болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет. Педагогтық әдеп адаммен бірге туатын нәрсе емес, ол жүре бара пайда болады, яғни бұл ұзтаздың тұрақты творчествасы.

Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді.

«Көп сөйлеп, созбайын, әдептен озбайын» деп Абай атамыз әдеппен (қысқа-нұсқа) сөйлеудің өзі әдептілік екенін тіктеп айтады. Әдеппен сөйлеу, артық сөз айтпау, дөрекі сөздерді айтпау, қысқа да нұсқа сөз айту – әдептіліктің белгісі.

Әдепті болу әр адамның міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет