Педагогикалық ғылымдар факультеті «Филология» кафедрасы бекітемін



бет1/6
Дата07.09.2023
өлшемі212,23 Kb.
#106458
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6




ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ


Педагогикалық ғылымдар факультеті


«Филология» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Факультет деканы п.ғ.к. А.А. Керимбекова
______________________________
«_____12___» ________04_______ 2021 ж.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» пәнінен


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
(SYLLABUS)
В1 деңгейі



Білім беру бағдарламасы атауы

6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті

Оқыту нысаны

күндізгі

Курсы

1

Семестрі

1,2

Кредиттер саны

10



Жалпы сағат саны

300

Дәрістер (лекция)

-

Тәжірибелік (практикалық) сабақтар

1 сем - 45, 2 сем - 45

Семинарлық сабақтар

-

Зертханалық сабақтар

-

ОСӨЖ

1 сем - 15, 2 сем - 15

СӨЖ

1 сем - 90, 2 сем -90

Шектік бақылау

8,15 апта

Қорытынды бақылау

емтихан


Шымкент 2021 ж.

Оқытушы туралы мәлімет












Ғылыми-педагогикалық өтілі




Ғылыми жұмысының саласы

Қазақ тілі

Офис




Сымтетік

-

Е-mail

-

Оқу жұмыс бағдарламасы «Қазақ тілі» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Құрастырушы:

Кафедра мәжілісінде ( 08. 04. 2021 ж. №_8__хаттама) қаралды.

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., Жантасова З.Т.


Кафедра бойынша ОӘЖ жауапты: Айтенова Д.О.


Факультетінің әдістемелік кеңесінде ( 09.04.2021 ж. №9хаттама) мақұлданды.

ФӘК төрайымы: Д. Тавбаева




Міндеті мен оқу жоспарындағы алатын орны


1.1 Пәнді оқытудың мақсаты. Бағдарламаның мақсаты қазақ тілінде A1 - қарапайым деңгей бойынша қазақ тілін шет тілі ретінде оқитын білім алушыларға және A2, B1, B2, C1 біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету болып саналады.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері. Қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдық (коммуникативтік) және танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

  • Орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;

  • Тұрақты сөз тіркестері , кәсіби мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану;

  • Монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу, сұхбат жүргізу;

  • Жазба жұмыстарын (эссе, аннотация), түйіндесме, жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындалу;

  • Қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктіліктерін жетілдіру дамыту.

  • Әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

1) рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәні;
2) болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына көз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:

  1. лексиканы, грамматикалық білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдауға және пайдалануға;

  2. мәтіннің нақты мазмұнын беруге, олардың тұжырымдамалық ақпаратын қалыптастыруға, бүкіл мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттауға;

  3. мәтіндегі ақпаратты түсіну, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, оқу-кәсіби салалардағы қарым-қатынас мәтіндерінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін түсінуге;

  4. қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беруге, таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға;

  5. тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында құзыреттілік танытуға;

  6. пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға;

  7. өзінің жеке ниеттері мен қажеттіліктерін (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби бағдарлы) жүзеге асыру, оларды этикалық жағынан дұрыс, мағыналы толық, лексика-грамматикалық және прагматикалық тұрғыда жеткілікті дәрежеде жариялау мақсатында әртүрлі қарым-қатынас салаларындағы жағдаяттарға қатыса алуға қабілетті бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет