6В01401-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды аттестаттау кешенді емтихан білім беру бағыттары бойынша 1-кешенді емтихан үш базалық пәндерінің тізімі.(«Педагогикалық ғылымдар» факультетінің Академиялық сапаны қалыптастыру кеңесінің шешімі Хаттама №_____ «_____ » _____ 2021 ж)
Пән 1. «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» БП,МК
Пән 2. «Таңдап алған пән спорт түрінің теориясы мен әдістемесі » КП,МК
Пән 3. «Базалық спорт түрлерін оқыту теориясы мен әдістемесі»(мектеп бағдарламасы бойынша) КП,МК
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІ Кіріспе Студенттерге дене шынықтыру мен спорт туралы терең теориялық білім берумен бірге,дене тәрбиесі жоғары оқу орындары мен педагогикалық ЖОО-ғы дене тәрбиесі факультеттерін бітіруші мамандар болашақта кәсіби маман ретінде осы пәннің негізгі түсініктерін тәжірибеде,спорттық ұйымдарда және басқа да әр түрлі оқу мекемелерінде дұрыс қолдана білуіне үйрету.
Пәнді оқыту міндеттері:
1. «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің » негізгі санаттарының көлемі мен мазмұны.оның шектес ғылымдар саласындағы орны және студенттер мен дене тәрбиесі ЖОО-н бітіруші мамандық иелеріне маңыздылығын ашып көрсету.
2. Дене шынықтырудың жалпы мәдениеттің бір бөлігі ретіндегі рөлін,олардың өзара және адамның басқа да нақты өмірінің әртүрлі жақтарымен байланысын,оның құрылымын,мазмұны мен қызметтерін ашу.
3. Жеке тұлғаның дене шынықтыруды қалыптастыру әдістеріне,құралдарына,негізгі қағидаттарына ,міндеттеріне,мақсаттарына оқытудағы жаңа тәсілдерге,дене қасиеттерін қалыптастыру және қимыл - қозғалыс іс-әрекеттеріне оқыту әдістемесі мен мазмұнының басты салаларына,дене жаттығу сабақтарын құру түрлеріне,жоспарлауға,бақылауға,және есеп жүргізуге сипаттама беру.
4. Адам өмірінің әртүрлі кезеңдерінде дене шынықтыруды бағытты қолдану ерекшеліктерін айқындау.
5. Спортқа дене шынықтырудың құрамдас бөлігі ретінде сипаттама беру спорттық жаттығулардың мәнін оның мақсатын міндеттеріни
6. Мамандарды даярлаудағы пәннің рөлі мен маңыздылығы, оны оқу үдерісіне енгізудің объективті қажеттілігі негізінде, дене шынықтыру туралы ғылыми-практикалық білімдерді меңгеру арқылы қоғамдық құбылыс ретінде тани отырып, адам өмірі мен қызметіндегі білім тәрбие, өндіріс, күнделікті тұрмыс, демалыс және қалпына келу, спорт пен мәдениет құндылықтарын арттыруға арналған өзіндік мәдениетін тереңдету арқылы оны кеңейте түсуде.
Бұл бағдарламаның құрылымы үш бөлімнен тұрады:
1. «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері». Бұл жерде оку пәнінің элементтері қарастырылады, яғни, пән, оның негізгі ұғымдары, дене шынықтыру білімі мен тәрбиесінің әдістері мен кұралдары. Спорт пен дене шынықтырудың қоғамдагы негізгі түрлері мен кызметтері қарастырылады.
2. Дене шынықтырудың жасерекшеліктер негіздері. Мұнда ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, студент жастар мен ересек тұрғындардың дене тәрбиесінің негіздері жан-жақты талқыланады.
3. Спорт теориясы мен әдістемесінің негіздері. Мұнда спорттық жарыстар мен спортшыларды даярлау жүйелері сонымен бірге жарыстар мен оған дайындықты толықтыра, кушейте түсетін және жарыстан, жаттығудан тыс жағдайлар да қарастырылады.
«Дене мәдениеті және спорт теориясы мен әдістемесінің» пәнін оқыту нәтижесінде студент білуі керек: жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру әдістеріне, құралдарына, негізгі қағидаттарына, міндеттеріне, мақсаттарына окытудағы жаңа тәсілдерге, дене касиеттерін қалыптастыру және қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне оқыту әдістемесі мен мазмұнының басты салаларына, дене жаттығу сабақтарын құру түрлеріне, жоспарлауға, бақылауга, және есеп жүргізуге сипаттама беру;