«Педагогикалық ғылымдар» факультеті


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ



бет4/30
Дата28.04.2023
өлшемі63,75 Kb.
#87784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Оқу бағдарламасы 6В01401

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ

ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
Дене шыныктырудың түрлері мен әдістемелік қызметтері
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің» негізгі түсініктері. Дене шынықтыру қоғамдагы жалпы мәдениеттің бір бөлімі ретінде. Дене шынықтырудың жалпы және кәсіби қызметтері. Дене шынықтырудың базалык, қолданбалы және тұрмыстық түрлерінің мәні.
Дене шынықтыру жүйесі
Дене шынықтырудың жүйесі жайлы тусінік. Дене шынықтыру жүйесінің негіздері мен айқындаушы белгілері. Бағдарламалық мазмұны, нормативті және әдіснамалық негіздері. Ұйымдастыру түрлері мен қызмет ету шарттары.
Дене шынықтырудың қағидаттары
Саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жеткіліктілік пен даралық, жүйелілік пен қозғалмалылық сияқты адістемелік қағидаттарында көрінетін дене шынықтыру заңдылыктары. Дене шынықтыру саласында осы қағидаттарды нақтылай түсетін басты ерекшеліктер.
Дене шынықтыру құралдары
Дене шынықтыру кұралдары жайлы түсінік. Дене жаттығулары дене шынықтырудың ең негізгі ерекше құралы. Дене жаттығуларының мазмұны, түрлері, техникасы, құрылымы, топтастырылуы. Табиғи және гигиеналық факторлар - дене шынықтырудың ерекше құралы ретінде.
Дене шынықтыру әдістері
Бастапкы түсініктер: «әдіс», «әдістік тәсіл», «әдістеме», «әдістемелік тұрғыдан келу», «адістемелік бағыт». Жүктеме мен демалыс дене шынықтыру әдістерінің өзара байланыс кұрылымдары ретінде. Арнайы әдіс (қатаң шектеулі жаттығулар әдісі. Ойын және жарыс әдістері). Жалпы педагогикалық (көрнекілік және сөйлеу) әдістер. Идеомоторлық, психореттегіш жане соған ұқсас әдістер; дене шынықтырудағы талдағышты-түзетулі,ақпараттық және т.б. техникалық қондырғылар.
Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйрету
Қимыл--қозғалыс іс-әрекеттер оку пәні ретінде: қозғалу біліктіліктері мен дағдылары оларды қалыптастыру механизмдері. Дағдылардың өзара байланысы. Қозғалысқа үйрету үдерісінің құрылымы. Үйрету кезеңдері: бастапқы үйрету, терендете уйрету, бекіту (пысықтау) және жетілдіру. Үйрету (оқыту) үдерісін басқару. Қателіктерді түзету және алдын алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет