«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына қатысуға сұраныс



бет2/5
Дата31.12.2021
өлшемі99,31 Kb.
#23256
түріКонкурс
1   2   3   4   5
Байланысты:
БАЯНДАМА Дюсембиева Ханым

Педагогикалық идеяның өзектілігі: Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Тәрбие жас буынның өмірге бейімделіп, өз бойында адам баласына тән жақсы қаситеттерді қалыптастырады. Сол үшін жас ұрпақты тәрбиелейді, өмір тәжірибесіне үйретеді, араластырады, қарым-қатынас іс-әрекетті меңгертеді, тарихи кезеңдерге сай дамытады. Осы тұрғыда тәрбие ұғымына бірнеше анықтама берілген, атап айтсақ Н.И.Болдыревтің «Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі» оқулығында «Тәрбие – тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бір мақсатқа бағытталған және өзара байланысты іс – әрекеті, осы жұмыс процесіндегі қарым – қатынасы, жеке адамды және ұжымды қалыптастырудағы ықпалы» делінген.

Мектеп қабырғасында білім алып жатқан жас ұрпақты еліміздің рухани байлығымен, сондай-ақ қазіргі заманауи біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың бойына жаңа сапалы білік-дағдылар мен икемділіктерді дарытуда да жаңа буын оқулықтары бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі дұрыс жұмыс жасау және инновациялық тұрғыда жұмыс жасау педагогикалық идеяның өзектілігі болып табылады.

Педагогикалық идея мақсаты:

Қазіргі уақытта мектеп оқушылары жаңартылған білім мазмұны шеңберінде жаңа үлгідегі оқулықтармен қамтылған. Оқулықтың ғылыми мазмұны үлгілік оқу бағдарламасында анықталған нәтижелерге қолжеткізуге бағытталған. Осы орайда осыған сәйкес қосымша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіжәне сюжеттермен инновациялық тұрғыда тапсырмалар жасау.

Педагогикалық идеяның міндеттері:Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығын арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет