ШҚУ Е Ф 002-20-08
Іс-тәжірибе бойынша қорытынды:
Осылай іс-тәжірибе барысында өзіме жүктелген міндеттерді яғни:
• мекеменің басқару және ұйымдастыру қызметімен танысу
• іс-тәжірибе жетекшіммен танысу
• мектептің техникалық, программалық және мамандық бойынша
методологиялық жабдықталуымен танысу
• пән мұғалімдерінің білім беру қызметімен, танысу
Іс-тәжірибе барысында жаратылыстану сабағына қатысып, талдау жасауды,
міндеттерімді толыққанды атқардым деп ойлаймын және де іс-тәжірибе
барысында алға қойған мақсаттарыма яғни:
• Оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып жұмыс жасау
• Пән бойынша оқушылардың білімділігін анықтау
• Жұмыс жоспарына сәйкес тәрбие сабағын жүргізу
• Оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс іс-әрекеттерін бақылау
• Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіретін әртүрлі оқыту
әдістерін пайдалана отырып жаратылыстану пәнінің сабақтарын
тиімді өткізуді алға қойған мақсаттарымдыда орындай алдым.
Сыныбым өте белсенді, ақылды болғандықтан маған іс-тәжірибеші
ретінде олармен жұмыс жасауда қиыншылық туындамады. Әр
оқушының өзіндік ерекшелігі, сабаққа деген белсенділігі, ойлау
қабілеттері, жақсы қасиеттері бірден көзге түседі.