Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата31.03.2022
өлшемі0,78 Mb.
#29382
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
                  Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша 

                                                          ЕСЕП 

                                                          

      Мен Айтбаева Сәнім Рауанқызы   Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс 

Қазақстан Университетінің  IT және жаратылыстану ғылымдары  жоғары 

мектебі факультеттінің  6В01505 биология мамандығының  3 курс студенті, 

2022 жылдың 24 қаңтарынан 18- ақпанға дейінгі аралықта Өскемен 

қаласының әкімдігінің  «47 жалпы білім беретін мектебі » КММ 

педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибе кезінде 5 «Д» 

сыныбының  сабақтарына қатысып, тәрбие сағаттарын жүргіздім.   4апта 

бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ 

таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге 

тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Жаратылыстану сабағын 

5«Д»  сыныпта аптасына 2 реттен  6 сабақ, соның ішінде 2сабақ өткіздім. 

Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен 

қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай 

оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, 

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды 

үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр сабағыма аса 

жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды 

оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым. Жаратылыстану пәніне 

қатысты білетіндерімді оқушыларға көрсетіп, үйреттім. 

Жалпы өзіме бекітілген осы  5 «Д» сыныбымен жұмыс істеу барысында 

менде қиыншылық болған жоқ. Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл 

сыныппен жұмыс жасаған қатты ұнады. Және де осы уақыт аралығында  

5«Д» сыныбында сынып жетекшінің көмекшілік қызметін атқардым. 

Көмекшілік қызмет атқару барысында сыныппен жоспар бойынша және 

жоспардан тыс тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл 

табысып, сыныппен тығыз қарым-қатынаста бола білдім. 5«Д»  

сыныптарында «Энергия түрлері», <Тірі ағзалардың құрылымдық 

деңгейлері>    тақырыптары бойынша сабақ өткіздім. 

Сабақ жоспарын, іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында пән 

мұғалімдерінен ақыл-кеңес алып, өзіме қажеттіні алдым . Сабақ жоспарын , 

іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында пән мұғалімдерінен ақыл-кеңес 

алып , өзіме қажетті қосымша мәліметтерді жинай алдым . Мектеп 

мұғалімдерінен жақсы қолдау көрсетілді . Бұл педагогикалық іс-тәжірибе 

маған көп нәрсе үйретті . Онда мен өзімді оқушылар алдында еркін ұстауды 

сабақ жоспарларын жазуды , мектеп журналымен және басқа да құжаттармен 

жұмыс жасауды үйрендім . Болашақта өз мамандығымды әрі қарай ұштап , 

мектепті көркейтіп , оқушыларға жақсы білім беремін деген мақсатым бар . 

Ұстаздық жұмысымның нәтижесіне қанағаттандым . Ұстаздық ету өз 

мамандығыма деген қызығушылық пен құрмет  осы мерзім аралығында 

өтілетін педагогикалық іс-тәжірибенің арқасында арта түсті. 

 



ШҚУ Е Ф 002-20-08

 

5 «Д» сынып оқушыларына «Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері» атты 



тақырыпта сабақ бердім. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. 

 

5 «Д» сыныбында «Індетке қарсы профилактикалық шаралар



кеңестер жүргізу. «Коронавирус, эпид» тақырыбында сынып сағатын 

жүргіздім. Сабақ барысында оқушыларға барлық сақтық шараларын 

түсіндірдім.  

 

5 «Д» сыныбында «Құқық бұзушылық неден басталады» тақырыбында 



сынып сағатын  жүргіздім 

 

 




ШҚУ Е Ф 002-20-08

 

Кітап сыйлау акциясы» бойынша өз сыныбыммен бірге аталмыш шараға 



белсене қатыстым. Оқушылармен шараны ойдағыдай өткіздік.  

 

5 «Д» сыныбына  жаратылыстану пәнінен «Энергия түрлері» атты 



тақырыпта кезекті сабағымды өткіздім. «Миға шабуыл», «Бір ауыз 

сөз» әдістерін қолдандым 

  5 «Д» сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін» атты сурет        

байқауына бірге қатыстық. Оқушылардың тек білім жағынан ғана емес 

өнер жағынан да дамуына көп көңіл бөлдік.  

    


 

 

 



 


ШҚУ Е Ф 002-20-08

 

   



  Педагогикалық практикасын өткізуге қойылатын талаптар: 

Педагогикалық 

қабілеттілікті 

дамыту 


және 

қалыптастыру 

(ұйымдастырушылық, коммуникатифтік, құрылымдық, қолданбалылық және 

т.б.); 


            1)кәсіптік–педагогикалық 

біліктілікті 

сабақтың 

оқытылатын, 

дамытушылық  және  тәрбиелік  міндеттерін,  сыныптан  сабақтарды  анықтау, 

дәстүрлі  және  жаңа  технологиялар,  оқыту  әдістерін  байланыстыра  отырып 

пайдалану); 

2)Педагогикалық  жұмысқа  шығармашылық  зерттеумен  баруды 

қалыптастыру; 

3)Педагогикалық  үдерісті,  жеке  басының  сапасын  басқаруда  өзін-өзі 

бағалауды  дамыту.  Еңбек  нарқындағы  бәсекелестік  жағдайда  өзін-өзі 

дамыту, өзін-өзі жетілдіру бойынша мақсатты ттүрде жұмыс жүргізу. 

         Білім  саясатының  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  кәсіптік  даярлаудың 

сапасын  жақсарту,  біліммен  қамтамассыз  етудің  ғылыми  –  әдістемелік 

жүйесін  түбегейлі  жаңарту,  оқытудың  формалары  мен  әдістерінің  түрлерін 

өзгерту,  ондағы  алдыңғы  қатарлы  оқу-тәрбие  тәжірибелері  мен  қазіргі 

қоғамның  сұраныстарының  алшақтығын  жою,  білімдегі  жаңашылдықты 

саралау,  білімді  жетілдіру  үдерісіндегі  үздіксіздікті  қамтамассыз  етуде 

білімнің  рөлін  арттыру  және  қазіргі  заман  техникасы  мен  технологиясын 

жоғары деңгейде қолдана білу. 

         Калиолланов Серік  оқу бағдарламасын және жаратылыстану пәнінен 

күнтізбелік жоспарымен толықтай таныстырды. Бұл жоспарды жасарда 

міндетті түрде барлық тақырыптарды зерттеп алу керек. 

Күнделікті  сабақ  жоспары  қалай  жазылатынын,  оның  қандай 

кезеңдерден  тұратынын,  сабаққа  мақсатты  қалай  қою  керектігеі  түсіндіріп, 

үлгілерін  көрсетті.  Осы  күні  практика  жетекшісінің  сабақтарына  

қатыстым.Сыныптарға  сабақты  түсіндіріп,  оқушыларды  тексеріп,  уақытты 

кезең-кезеңінде  ұтымды  пайдаланып,  үйлесімді  сабақ  өткізу  де  мұғалімнен 

асқан шеберлікті, білімді талап ететінін аңғардым. 

       Оқу  бөлімінің  негізгі  бағытындағы  жұмыстармен  таныстым.  Оқу 

бөлімінің  негізгі  бағытындағы  жұмыстар:  мұғалімнің  тақырыптық-

күнтізбелік,  сынып  жетекшісінің  тәрбие  жоспары  сол  жоспарды  жасауда 

басшылыққа  алынатын  әдістемелік  нұсқау  хат  және  күнделікті  сабақ 

жоспары. 




ШҚУ Е Ф 002-20-08

 

      Менің  іс-тәжірибе  өту  барысында  үйренген  нәрселерім  көп  болды. 



Оқушылармен қалай тіл табысуды, оларға қалай сабақ түсіндіруді үйрендім. 

Тәжірибелі,  білімді  ұстаздардың  сабақ  өткізу  әдіс  –  тәсілдерімен  танысып, 

көптеген әдістемелік мағлұматтар жинадым. Осы іс-тәжірибемді өту кезінде 

мұғалімнің  жұмысы  қаншалықты  қиын  екенін  түсіндім.  Дегенмен,  іс-

тәжірибеден өту нәтижесінде төмендегідей білім, іскерлік, дағдыларды игере, 

меңгере білдім деп ойлаймын: 

1. 

сабақтың тақырыбына байланысты бағдарламалар мен оқулықтарға 



талдау жасай білуді; 

2. 


сабаққа  қажет  дидактикалық  материалдар  мен  бағдарламалық 

жабдықтарды таңдай білуді; 

3. 

сабақтың мақсатын (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) дұрыс қоя 



білуді; 

4. 


сабаққа  оқу-тәрбие  жұмысының  тиімді  әдістерін  таңдай  білу  және 

қолдана білуді; 

5. 

сабақта  жұмысты  ұйымдастыра  білуді,  оқушылардың  оқу  іс-



әрекетімен назарын белсендіре білуді

6. 


сабақта  жекелеген  және  бүкілсыныптық  жұмыстарды  біріктіре 

жүргізуді; 

7. 

оқу  үрдісін  жетілдіріп  сабақтың  әрбір  кезеңінің  жоғары  дәрежеде 



тиімді болып өткізуді; 

8. 


пән  бойынша  шығармашылық  және  басқа  жұмыстардың  негізгі 

түрлерін жүргізе білуді; 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет