Педагогикалық қызметтің құрылымы мен мәні


Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы



бет4/8
Дата06.10.2023
өлшемі452,11 Kb.
#113004
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
M0x8vzu-lzA6-XanmzxtVQ

Н.В.Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер

Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы

Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады. Педагогикалық қарым-қатынас «...оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ– педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады.

Педагогикалық қарым-қатынас негіздері

Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi ұйымдасқан жүйе болып есептеледi.

  • Оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс - әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер бiрiншi iс - әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған қызмет жасайды.
  • Оқытудың тиiмдi амалдары мен құралдарын және оқытудың процедураларын теңдестiргендегi оқыту тәжiрбиесiнiң жалпылама iс-әрекетi – оқытудың амалдары мен әдiстерiн құрастыратын методист iс - әрекетi осындай.
  • Іс -әрекеттiң методикалығы, бiрақ ол оқу құралдары мен оқу сабақтарын құрастыруға бағытталған.
  • Іс - әрекет оқыту сабақтарын бiр тұтас жүйеге сабақтастырудан тұрады – оқу бағдарламаларын құрастыру бағдарламалау iс - әрекетi. Мұндай бағдарламалауды жүзеге асыру үшiн, оқытудың мақсатын бiлу қажет, бiрақта оқытудың бағдарламаларын құру барысында мақсаттың кейбiр жалпы бөлiктерiне бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет