Педагогикалық қызметтің құрылымы мен мәні


Педагогикалық қарым-қатынас стилі



бет5/8
Дата07.06.2023
өлшемі452,11 Kb.
#99572
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
M0x8vzu-lzA6-XanmzxtVQ

Педагогикалық қарым-қатынас стилі

  • Қарым-қатынас стилінің оқытудың прогрессивті беталыстарына сәйкес келетін осы көрсеткіштерімен танысу, олардың бұрын көрсеткендей, іс-әрекеттік келіс негізінде оқытуды ұйымдастырушы мұғалімде болуы керек сапалармен ұқсастығын көруге мүмкіндік береді. Бұл жерде Л.В. Путляеваның зерттеулерінде оқушылардың мұғалімнің жоғарыда қарастырылған қарым-қатынас стилінен туған мінез-құлығының жауап реакциялары ең алғаш рет ашылып көрсетілгені маңызды. Сенім, бостандық, еркіндік, қорқыныштың болмауы, мұғалімге, оқуға деген қуанышты қатынас, топтағы ақжарқын өзара түсіністікке ұмтылу – мұғалімнің қарым-қатынас стилін дұрыс таңдауының нәтижесі. Мұндай стильдің болмауы, айқайлау, кекету, мұғалімның мінез-құлығы мен оның қарым-қатынас стилінде орын алатын оқушыны сыйламау бүкіл оқыту жүйесі қаншалықты мазмұнды және әдістемелік дұрыс ұйымдастырылса да, оны жоққа шығарады. Қарым-қатынасқа жүргізілген талдау келесі жағдайлар туралы айтуға мүмкіндік береді:

педагогикалық қарым-қатынас жайлы оқудағы өзара әрекеттесу, педагог (оқытушының) пен оқушылардың (студенттердің) еңбектестігінің формасы ретінде;

  • педагогикалық қарым-қатынас жайлы оқудағы өзара әрекеттесу, педагог (оқытушының) пен оқушылардың (студенттердің) еңбектестігінің формасы ретінде;
  • педагогикалық қарым-қатынаста бір мезгілде оның үш жағының - комуникативтік, интерактивтік және перцептивтік жақтарының болуы;
  • педагогикалық қарым-қатынаста вербалдымен қатар басқа да тәсілдердің, яғни көркемдік, кинетикалық, символикалық тәсілдердің кең көрінуі жайлы.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған білім беру негізі

Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ. Білім - адам баласының ортақ қазынасы.

«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ онда «құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс - әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас салалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет