Тапсырма -2. Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты – студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау. Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері: Студенттерді болашақ мамандықтың теориясы мен технологиясымен танысуға бағыттау
Студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу
Студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу
Тапсырма-3.Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымының төрт деңгейі
Философиялық. Философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық аппараты
Жалпы ғылымилық. Теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар беру
Нақты ғылымилық. Арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындау, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілеу
Технологиялық. Технологиялық әдіснама, зерттеудің әдістемесі мен техникасы
Тапсырма-4 .Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістерінің мәнін ашып көрсетіңіз және 2-кестені толтырыңыз.