Педагогикалық ұжымның қалыптасуындағы мектеп директорының рөлі Орындаған: Ғалымұлы Әділгерей



Дата18.12.2023
өлшемі9,88 Kb.
#140583
Байланысты:
СРСП Педагогикалық ұжым


Педагогикалық ұжымның қалыптасуындағы мектеп директорының рөлі»
Орындаған: Ғалымұлы Әділгерей

Мектеп барлық тіршілігі осы басшысы мектеп директорына байланысты. Сондықтан мектеп директорының атқаратын жұмыстарының бәрі де осы орынның игілігі мен тұтастығын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Олардың ұжымды топтастыруы мен жетелеуіне қосатын үлесінің орны ерекше деуге де келеді. Білім саласында өзгерістерді іске асыру үшін мектеп басшыларының рөлі маңызды. Өзгерістер жайында айтатын болсам, заман талабына сай оқушылар білімді жай ғана иеленуі аз, себебі ХХІ ғасырдың тәсілдерінде оқушылардың игерген білімінің көлеміне емес, ол білімді орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударылуда. Осыған байланысты мектептер сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, дегенмен, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды иелену үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болу керек. Мұндай өзгерістерді іске асыру үшін мен мектептегі директор басқару рөлін өзгеріске бағыттап, оны кеңейтуі керек. Соның нәтижесінде, оқыту мен оқу туралы барынша хабардар болып, мектептегі барлық мұғалімдер анағұрлым тиімді жұмыс істейтін болады. Көшбасшылық дағдысы қалыптасқан мектеп көшбасшысы мектепті тиімді басқара отырып, тәлімгерлік, коучинг үдерісін үздіксіз және ұдайы жүргізгенде ғана нәтижеге қол жеткізетініне сенімдімін.


Мектеп басшысы және мектептегі мұғалім көшбасшылары үшін ең күрделі мәселе: ол - қағидатты тәжірибеге көшіру, абстрактілі негіз құрып, ынтаны тәжірибеге айналдыру болып табылады. Осының салдарынан, мектеп басшысы ретінде ынта мен тәжірибенің барынша сәйкес келу мүмкіндігін арттыру мақсатында бірқатар стратегияларды қолдануы қажет. Яғни, басымдықтарды белгілейміз, ресурстарға көңіл бөлеміз. Қызметті күшейтіп, қызметкерлерді ортақ мақсат үшін жұмыс істеуге жұмылдырып, күтілетін нәтижелер мен қорытындылар жайында келісіп, әлемдегі өзгерістерге сәйкес, мекеменің бағыттарын бағалап, өзгерту жолдарын тиімді стратегия арқылы мектептің дамуына өз үлесін қосады деуге келеді.
Қазіргі күні мектеп мұғалімдері мен оқушыларының бойындағы өзгерістерді байқаудан басталады. Мектептегі және оның материалдық базасын дамытуға арналған нақты жоспар мен тұжырымдаманы жасап, енгізу үшін басқалармен, яғни көшбасшы мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істеу керек. Тиімді және қауіпсіз оқу ортасын құру және ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатында мектептің қызметкерлері әдістерді тиімді пайдалануына мүмкіндік жасау керек. Мектеп ұжымымен, ата-аналармен және басқалармен тиімді ынтымақтастық орнату арқылы табысты орта құруға ұмтылуы тиіс.
Мектеп көшбасшысы ретінде мұғалімдердің бойындағы көшбасшылық қасиеттерді тәлімгерлік үдерісі арқылы дамытуға болады. Өйткені, көшбасшы мұғалім – тәжірибелер мен ақпарат көзі. Ал мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық, бұл - мектепті жетілдіру мен өзгертудің кепілі. Жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа технологияларды орынды пайдалануға, жұмыста шығармашылық танытуға ықпал ету мақсатында іс-әрекет жасауы қажет. Курста мектепті басқару стильдерін меңгеруі, басқару дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
Қорыта айтқанда, бүгінгі директордың кез-келген әрекеті ұжымның жұмысының ілгерілеуіне септігін тигізері анық, тек бойында арнайы қабілеттер мен біліктіліктің жоғары дамуына негізделеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Дерзкова Н. Команда: этапы становления и поведение руководителя // Директор школы. 1996. № 1. С. 30-35;
2.Манн Д., Биллер В. Школьные администраторы России: глазами американских исследователей // Директор школы. 1996. № 3. С.33-36. және т. б.)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет