Оқушылардың қоңыраудағы тәртібі 1. Кабинетті желдету үшін оқушылар үзіліс кезінде дәлізге шығулары тиіс.
2. Оқушылар мектептегі тәртіпті сақтау бойынша өз міндетін атқаратын кезекші мұғалімдерінің, мектеп бойынша кезекшілерінің және мектеп қызметкерлерінің талаптарына бағынуы тиіс (кезекшілік ережесін қарау).
3. Жарақатқа және мүлікті бұзуға әкелетін, сонымен қатар басқаларға демалуға бөгет жасайтын әрекеттер жасауға болмайды.
4. Оқушы үзіліс кезінде өз жұмыс орнын тазалап, сыныптан шығып кетуі тиіс.
5. Сынып бойынша кезекші мұғалімге келесі сабаққа кабинетті дайындайды.
6. Оқушыларға үзіліс кезінде баспалдақтар мен қабаттарда жүгіруге болмайды; еденде және терезе алды тақтайына отыруға болмайды.
Оқушылардың оқу құжаттары 1. Әрбір оқушы сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қажетті заттарды алып келуі тиіс, оқушы күнделігін мұғалім сұраған кезде міндетті түрде беруі тиіс.
2. Оқушы оқу аптасы аяқталған кезде ата-анасына қол қою үшін беруі тиіс.
3. Күнделікке жазылған қорытынды бағалары мен ескертулерін сол күні ата-анасына қол қоюға беруі тиіс.
4. Күнделікте жазылған бағаларды немесе ескертулерді өзгертіп, өшіруге, сонымен қатар одан беттерді жыртуға үзілді-кесілді болмайды.
Оқушыларға қойылған бағалар 1. Мұғалім өткен бағдарлама материалдарымен қарастырылған оқу түрі жұмысына баға қойып, сол күні оқушыға оны жеткізеді
2. Берілген пән үшін оқушының білім баға критерийі бағдарламамен анықталады.
3. Белгіленген мерзімде орындалмаған жұмысты «қанағаттандырылмаған» деп есептелуіне болады
4. Баға нәтижесі ағымдағы кемінде үш баға негізінде қойылады.
Оқушыларға тыйым салынады: 1. Арақ-шарапты, темекіні, наркотикалық және токсикалық заттарды қолдануға, әкелуге
2. Өртке әкелетін кез келген заттарды қолдануға
3. Қарым-қатынасты шешу үшін немесе бопсалау үшін дене күшін қолдануға, бір-бірін итеруге, заттарды лақтыруға, шулауға.
4. Өз өмірі мен денсаулығына және өзгелерге қауіпті әрекеттерді жасауға
5. Басқа оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне әдепсіз, дөрекі сөздерді айтуға
6. Сабаққа қатысы жоқ нәрселерді әкелуге және сабақ уақытында ұялы телефон пайдалануға; 7. Мектепке автокөлікпен келуіне 8. Мектепке әшекей заттар мен қымбат, адам өміріне қауіп төндіретін кескіш, жарылғыш заттарды алып келуге (сіріңке, оттық, тесетін және кесетін заттарды, газ баллондарын, мылтықты, газды, пневматикалық, имитациялық), ойын карталарын әкелуге
9. Өзіне, денсаулығы мен өміріне зиян келтіретіндей және мектеп мүлкіне зияны тиіп кететін әрекеттер жасауға.
10. Жиһаздар мен қабырғаға жазуға, мектеп жиһазын, кабинет жабдықтарын және басқа да мектеп мүлкін бүлдіруге, тырнауға болмайды.
11. Мектепке тиесілі кітаптар мен құралдарға жазуға, кітап бетін жыртуға.
12. Мектеп территориясында және мекемеде қоқыс тастауға болмайды, қоқысты тек қоқыс тастауға арналған жерге тастау қажет.
13. Сабақ кезінде ұялы телефондарды, плеерлер, электрондық ойындар және т.с.с. қолдануға.
14. Оқу сабақтары кезінде мектеп дәлізінде болуға
15. Ойынға арналмаған жерлерде, баспалдақтарда жүгіруге.
16. Оқушылар жүрген жерде кептеліс жасауға.
17. Мектептен немесе сабақтан сұранбай кетуге.