Оқушылардың сабақтағы тәртібі 1. Оқушылар міндетті түрде сабаққа үй тапсырмасын орындап алып келеді.
2. Мұғалім сыныпқа кірген уақытта оқушылар тұрып амандасады.
3. Мұғалім оқушыны жауап беруге шақырған кезде, ол тақта алдына шығып, баға қою үшін мұғалім алдына күнделігін беруі міндетті.
4. Мұғалім ғана орнынан тұрмай жауап беруге рұқсатын бере алады.
5. Оқушы жауап берген кезде қатты дауысын шығарып, түсінікті, асықпай, өз ойын дұрыс жеткізуіне тырысуы қажет.
6. Сабақ кезінде көшіру және сыбырлар айтуға болмайды, ол оқу материалын дұрыс меңгеруіне бөгет болады.
7. Жауап беремін деген оқушылар қолын көтерулері міндетті. Басқа қылықтармен өзіне назар аудартуға болмайды.
8. Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін және жолдастарының жауаптарын мұқият тыңдап, шуламай, сөйлемей, басқа нәрселермен айналыспай, бөгет жасамаулары тиіс.
9. Сабақ барысын бұзған әрекет дөрекі тәртіп бұзушылыққа жатады. Оған кінәлілер мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіптік жазаға ұшырайды.
10. Өз әректімен сабаққа бөгет жасайтын оқушыны мұғалім сәйкесінше жұмыс өткізу үшін кезекші әкімшіге жібереді. Мектеп әкімшілігіне міндетті түрде барулары тиіс.
11. Оқушылар мұғалім ескерту жасағанда уақытылы әсер етуі қажет.
12. Сабақтан өз еркімен кетуге тыйым салынған. Сыныптан шығуға тек қана мұғалім рұқсат бере алады, оның өзі сабақ басталғаннан кейін 20 минут өткен соң, бірақ қоңырауға бес минут қалғанда емес.
13. Оқушылар белгіленген кабинеттерде Еңбек қорғау ережелерін біліп, сақтаулары тиіс.
14. Оқушылар тапсырмаларды күнделіктеріне толық әрі түсінікті етіп жазулары тиіс.
15. Өз денсаулығын сақтау мақсатында партадағы өзінің отырысына, бас еңкішіне назар аударуы тиіс.
16. Ауыздағы сағыз – дөрекі әдеттің белгісі, сабақ кезінде оны қолдануға болмайды.
17. Сабақ аяқталғаны туралы қоңырау мұғалім үшін арналған. Тек мұғалім ғана сабақтың аяқталуы жайында хабарлап, сыныптан кетуге рұқсат бере алады. Сыныптан кеткен кезде өзінен кейін оқу орнын ретіне келтіреді.