Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы



Дата09.05.2022
өлшемі0,73 Mb.
#33155
Байланысты:
158701.pptx


Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
  • Ежелгі Вавилонда, Египетте, Сирияда мұғалімдер ең алдымен жрецы болды.
  • Ежелгі Грецияда – мұғалімдер өте ақылды, талантты азаматтардан алынды: педономдар, педотрибтар, дидаскалдар, педагогтар.
  • Ежелгі Римде император мұғалім ретінде мемлекеттік лауазымдағы адамдарды, ғылымды жақсы білген, саяхатшыларды, көп көргендерді қойды, яғни бұндай адамдар басқа халықтың тілін, салт-дәстүрін білетін адамдар.
  • Ежелгі Қытай жазбаларында біздің эрамызға дейінгі XX ғасырларда елде халық ағарту ісімен айналысатын министрлік болғаны айтылады.

Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы

Педагог мамандығының негізгі міндеті – қоғамдық мақсатты түсініп, басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа жетуге бағыттау.

Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі ол гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипаттамалардан тұрады

ХХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер мұғалім мамандығының қыр-сырын, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін жан-жақты талдауға бағытталады:
  • педагогикалық іс-әрекет құрылымы (Н.В:Кузьмина, А.И.Щербаков т.б.);
  • педагогикалық техника (Ю.П.Азаров т.б.);
  • мұғалім профессиограммасы (С.А.Сластенин, О.А.Абдуллина т.б.)

Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.

Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі – мұғалім.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:
  • Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
  • Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет. 
  • Іс-әрекет субъект – субъектілік және субъект-объектілік сипатта болады. 
  • Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілетін педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашықта ғана айқындалады. 

Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.Д.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.

Мұғалімнің кәсіби негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: *оқушыларға деген сүйіспеншілігі,  *педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы,  *бақылағыштылығы,  *педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы,  *педагогикалық ойлаудың қалыптасуы,  *қарым-қатынас жасай алуы,  *ұжымшылдығы,  *шығармашылығы 

Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық іс- әрекет дәрежесі  І (минималды) репродуктивті; педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.  ІІ (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.  ІІІ (орташа) локальді модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу- танымдық іс- әрекетке бірітіндеп енгізу); орташа продуктивті.  ІV (жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша орқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгергенпродуктивті.  V (ең жоғары) – оқушылардың жүйелі модельдеуші іс- әрекеттері мен мінез- құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеу, өзін- өзі оқыту, өзін- өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.

Педагогикалық іс- әрекет тәсілдері: 

Педагогикалық іс- әрекет нәтижесі

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оны тұлға ретінде, іс- әрекет субъектісі ретінде жетілуі, қалыптасуы.

Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі – жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, Отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. 



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет