«Педагогикалық өлшемдер»



бет1/4
Дата27.04.2022
өлшемі187,48 Kb.
#32493
  1   2   3   4
Байланысты:
1 лек педагогикалық өлшемдер (2)

«Педагогикалық өлшемдер» курсына кіріспе»

Жоспар:

  • 1. «Өлшем» ұғымы. Педагогикалық өлшемдердің мәні.
  • 2.Өлшем теориясы мен тарихы
  • 3.Педагогикалық өлшемдегі этика

Курстың мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты: білім алушылардың педагогикалық өлшемдерінің ғылыми-теориялық негіздерімен қаруландыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

-педагогикалық өлшемдер теориясы мақсат-міндеттерін, педагогикалық өлшемдердің тарихы мен заманауи мәселелерін түсіндіру; педагогикалық өлшемдердің әдіснамалық -теориялық негіздерін ұғындыру;

-білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау бағытын түсіндіру;

-болашақ маман ретінде педагогикалық өлшемдер теориясының заңдылықтарын нақты тәжірибелік жағдаяттарда қолдануға дайындау.

Өлшем

    • заттың, нәрсенің сапалық және сандық сипаттарының диалектикалық бірлігін көрсететін философиялық категория. Диалектика теориясында өлшем оның негізгі заңдарының бірі болып табылатын сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге және керісінше, сапалық өзгерістердің сандық өзгерістерге өту заңының құрамына енеді.
    • Бұл заң бойынша, қандай да болмасын объектінің сапасы мен сандық сипатының арасында терең байланыс бар. Өлшем берілген сапаның өзін сақтай отырып, сандық өзгерістердің шегін білдіреді. Бұл шектен асқанда объект сапалық өзгеріске ұшырайды, ал сапаның өзгеруі, жаңа сапаға өтуі өз кезегінде сандық өзгерістерге жетелейді.
    • Сондықтан Гегель өлшемді “сандық сапа” немесе “сапалық сан”, яғни сапа мен санның бірлігі деп анықтаған.

Себебі, жалпыға ортақ қасиеттердің, форманың болмауы бір заттың қасиеттерін басқа заттың қасиеттерімен бір белгі бойынша салыстыруға мүмкіндік бермейді.

Өлшеу ұғымының шығу төркінін А.М. Арсеньев, М.А. Данилов, Л.Б. Ительсон, Л.И. Катаева, Н.М. Розенберг, В.П. Симонов, М.Б. Челышкова, В.Д. Шадриков және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

“Өлшем” ұғымы әртүрлі ғылым салаларында әр түрлі қарастырылады. Мысалы, М. Розенбергтің ойынша физика, техникалық ғылымдарда "Өлшем" ұғымына қатысты қолданылатын анықтама педагогикадағы өлшем ұғымына сәйкес келмейді.

Н.Р. Кэмпбелл өлшемге ғылымның талаптарына сәйкес зерттелетін қасиеттерді санмен белгілеу үдерісі ретінде анықтама береді. Осы анықтама арқылы ғалым ғылымның анықтай алатын қасиеттерінің өлшеуге болатын айқындап көрсетеді.



Өлшем туралы Абай 43-сөзінде былай дейді: «Ішпек, жемек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің, барлығының өлшеуі бар ...» немесе «...әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуін білмек – бір үлкен іс…».

А.Машанов өлшеу жөнінде: ғылымның асыл тегі өлшеуін білуде деп жазады.

Жалпы өлшем теориясының пайда болу тарихын қоғамдық ғылымдар негізінде Б. Райт зерттеген. Ол өзі құрған теория барлық қоғамдық ғылымдарға, соның ішінде педагогикаға жарамды екеніне сенімді болған.

Бірақ ерте ме, кеш пе, ғылымда өз пәнін бөлу және кеңейту үрдісі пайда болады.

Сондықтан психологиядағы, әлеуметтанудағы және басқа да қоғамдық ғылымдардағы өлшемдердің жалпы теориясынан педагогикалық өлшеулердің теориясын бөлу мәселесі табиғи түрде туындады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет