Пәні:Психология тарихы
Күні: 7.11.2023
Тобы:БП 11
Формасы: Дәріс
Практикалық сабақ №10
Тақырып:Психологиядағы эксперименталды және қолданбалы психологияның қалыптасуы мен психологиядағы дағдарыс
Мақсаты:Психологиядағы эксперименталды және қолданбалы психологияның қалыптасуы мен психологиядағы дағдарысжөнінде білім беру.
Дәрістің мазмұны
1. Дағдарыс кезеңіндегі ппсихологиялық ой пікірлер (Г.Мюнстербергтің психологиялық зерттеулері)
2. Галтон ілімі
3. Л.Выготскиидің өзіндік көзқарастары
Өту барысы: Біріншіден студенттермен амандасу. Олармен танысу,түгендеу. Содан топпен жақсы байланыс орнату үшін тренинг жаттығуларын өткізу.
Ең алдымен шеңбер болып тұрып, Тренинг шеңбері бойынша көршіні презентациялау.Жаттығу жұппен орындалады. Бір минуттық талқылаудан кейін әрбір қатысушы өз көршісін «тренинг шеңбері» бойынша аты мен сүйікті ісін атай отырып таныстырып шығады.
Тренинг жаттығуларды орындап болған соң практикалық сабақты талдауға кірісу. Студенттердің тақырып бойынша семинарға дайындығын тексеру Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау тақырыбының кең түрде ашылып, толықтай ақпарат бергендігін қадағалау.
Егерде жетіспеген жағдайда сұрақтар қойып, кері байланыс жасау,талдау, қосымша мәліметтер беру.
Сабақты бекіту мақсатында «Мозаика» әдісі А. Үзінділерге бөлінген, тапсырмамен жұмыс істеу үшін оқушылар 4-6 адамнан құрылған топтарға ұйымдастырылады (логикалық немесе мағыналы блоктар). Шағын топтың әр бір мүшесі өз бөлімі бойынша материал табады.
В. Содан кейін бір сұрақты зерттейтін, бірақ әр түрлі шағын топтарда тұратын оқушылар осы мәселе бойынша сарапшылар сияқты, кездеседі және осы ақпаратпен алмасады. Бұл «сарапшылар кездесуі» деп аталады.
С. Ары қарай сарапшылар өздерінің шағын топтарына қайтады және басқа шағын топтардың мүшелерінен үйренген барлық жаңа білгендерін үйретеді. Яғни, өз кезегінде, өз тапсырмасының бөлігі туралы баяндайды (бір араның тіліндей). Өйткені материалды барлық фрагменттерімен меңгерудің жалғыз жолы, серіктестерін команда бойынша мұқият тыңдау және жазып отыру, мұғалім тарапынан ешқандай қосымша күш талап етілмейді. Оқушылар жолдастарының өз тапсырмаларының адал орындағандарын қалайды, өйткені бұл олардың қорытынды бағаларына әсер етеді. Барлық тақырып бойынша әр қайсысы және барлық команда толық жауап береді.