«Педагогикалық өлшемдер»


Педагогикалық құбылыстарға сандық талдау жасаудағы киындық, оның өлшеу процедураларын айқындау



бет3/4
Дата27.04.2022
өлшемі187,48 Kb.
#32493
1   2   3   4
Педагогикалық құбылыстарға сандық талдау жасаудағы киындық, оның өлшеу процедураларын айқындау мәселесі 1920-30 жылдары П.П. Блонский, Л.С.Выготский және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көтерілгенімен, тәжірибеде аяқсыз қалып, 1960 жылдары математикалық есептеулердің әcipece, кибернетикалық әдістердің дамуына сай өpic алады.

В.С.Аванесов педагогикалық өлшемді сандық өлшем бірлігін қолдануға байланысты ғылымның қолданбалы жаңа бағыты, ал өлшеудің негізгі әдісі тестілеу деп көрсетеді.

М.Б. Челышковтың айтуынша, өлшем мәселелері “үш өзара байланысты: не, не үшін және немен өлшенеді?» деген міндеттерді шешуді қарастырады.

Бірінші сұрақ өлшем мақсатымен байланысты. Егер мақсат оқушыларды аттестаттау барысында дайындау сапасын анықтау болып табылса, онда ең басты назар меңгерген білім мен іскерліктің көлемін анықтауға және олардың нормативтерге (мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына) сәйкестігін анықтауға бөлінеді.

Екінші сұрақ өлшем мәнін анықтаумен байланысты, ал үшінші сұрақ – өлшем барысында қолданылатын құралмен байланысты.

Оқушыларды даярлау сапасының білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі дәрежесін өлшеу барлық білім беру сатыларындағы бітірушілерді даярлау сапасын басқару жүйесін құру жолындағы алғашқы қадам болып табылады.

Дайындық сапасын өлшеу өзіндік мақсат емес, ол тек қана оқу үдерісінің басшыларына қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей түзету жұмыстарын жүргізу, соған сай шешім қабылдау үшін ақпарат алуға арналған.

Педагогика, психология, социология ғылымдарының дамуына байланысты қасиеттердің, байқалу дәрежесін бip-бipiнeн айыру тек сандық емес, сапалық өлшем бірліктерін пайдалана отырып, бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Сапалық бағаларды дәл өлшеудің инструменттері мен тәсілдерінің болмауына байланысты сандық бағаларға қарағанда нақтылығы төмен дәрежеде.

К.Құдайбергенова педагогикалық өлшем туралы өз монографиясында құзырлылықтың білім сапасы мен педагогикалық өлшемге қатыстылығын жақсы талдап көрсеткен.

Білімдегі бағаның бірегей болмауы, өлшенетін «белгісіздік» сипаттарының жабық түрде болуы тікелей өлшеу мүмкіндігінен айырады. Белгісіз зат сипаттарының бip мәнділікте берілмеуі бағалау үрдісінде белгісіздің өлшенетін сипаттарының орнына, байқалған белгілерді бағалаумен шектелді.

Сонымен  қатар,  педагогикалық  өлшемдерді, білім алушылардың ағымдық және қорытынды даярлық деңгейлерін объективті бағалауға бағытталған практикалық білім  беру іс-әрекеті процесі ретінде қарастыруға болады.  

Батыста мұндай  проблемалармен  «Educational  Measurement» Образовательное измерение) деп аталатын  ғылым  шұғылданады.  

Оның  негізгі  мәні білім алушылардың даярлық деңгейін өлшеу  үшін сапалы  тестерді құрастыру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет