Педагогикалық практика бойынша есептік құжаттары



бет18/24
Дата25.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#97399
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Сәрсенбі
3.05.23


Мектепке ерте келдім.жоспар бойынша әрдайым Гүлбану апайдың жанында жүріп тәжірибе жинаудан шаршамадық. Оқушыларымды түгендей, сабақтарына қатысып, көңіл-күйлерін бақылап жүрдім.

Бейсенбі
4.05.23



Бүгін мектепке әдеттегідей ерте келдім. Оқушыларымды түгендеп, сабақтарына қатысып олармен көбірек уақыт өткізуге тырыстым. Үзілістер кезіндеоқушылар мектептегі қызықтары туралы әңгімелеп берді. Аптаның соңғы күндері екені сезіледі. Оқушыларыма үйреніп қалғандықтан ба, қимастық бар. Пән мұғалімі Гүлбану апайымның жанында жүріп көп нәрсе үйрендім.

Жұма
5.05.23



Бүгін практикамыздың соңғы күні. Пән мұғалімі Гүлбану апай өзінің ақыл кеңестеріе айтып болашақта өз ісіміздің маманы болып шығуымызға тілек білдірді. Практикамыздың документтерін түгендеп, балаларға сәттілік тілеп қоштастық. Оқушыларды үйге шығарып салардың алдында өмірлеріне сәттілік тілеп, оқуларын жақсы оқуларына кеңес бердім.

Сабақ өткізілмеген күндер:____________


Оқу орны бойыша жетекші:___________________________________
(қолы) М.О (Тегі, аты-жөні)

Университет тарапынан бекітілген жетекшінің


ПІКІРІ
Ашимова Нышангүл Ерланқызы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 мамандандырылған мектеп» КММ 23.012023 – 05.05.2023ж аралығында педагогикалық тәжірибеден өтті.
Мектепте 8 «А», 8«Ә», 8«Б», 8«В» сынып оқушыларына биология сабағынан 15 ашық сабақ өткізді. 9 «Ә» сынып оқушыларына сынып жетекшілік жұмыстарын жүргізді. Педагогикалық тәжірибені өту барысында оқушылармен жақсы жұмыс жасады. Оқушылар алдында өзін дұрыс ұстай алды. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Жаңартылған бағдарламаны жақсы меңгере алды. Әр сабағына жақсы дайындалып, өзінің теориялық білімін практикада көрсете білді.
Ашимова Нышангүл білімділігімен, өнерімен, парасаттылығымен оқушылардың бойына білім нәрін құйып, жүріс-тұрысымен үлгі бола білді. Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне көрнекіліктер қолданды, көрнекіліктер талғамға сай жасалып, жауапкершілікпен жұмыс атқарды.
8 «Б» сыныбына өткізген «Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің рөлі. Температурағасезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі» тақырыбындағы ашық сабағында Жанар үй тапсырмасын «Quizziz» әдісі арқылы сұрап, сұрақты ұстап ал, сәйкестендіру, кестені толтыру арқылы сұрады. Оқушылармен «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы кері байланыс жүргізді. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып презентация және бейнежазба арқылы түсіндіре алды.
«Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің рөлі. Температурағасезімталдық. Терморецепторлардың температураның өзгеруіне бейімделуі» тақырыбындағы 8 сыныпқа өткізген Нышангүлдің сабақ беру кезіндегі сырт келбеті, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері талапқа сай болды. Мұғалім ретінде өзін жақсы ұстап, өз білімін оқушыларға жеткізе алды.

Балдық көрсеткіші (ең.жоғ.= 100 балл ):


Университет тарапынан жетекші ____________________Қ.Т.Баймаганбетова
(қолы) ________________ (Тегі, аты-жөні )


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет