Практиканы өту барысында білім алушы білуге тиісті қағидалар: Практиканың бағдарламасында берілген кешенді тапсырмаларды орындау, күнделікті белгіленген тәртіппен, практиканың күнделігін толтырып отыру.
Практиканы өту үшін барған кәсіпорынның ішкі күн тәртібіне, ережесіне бағыну.
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік - санитарлық, мектеп гигиенасын сақтау шараларымен танысу және оны толық орындау.
Практиканың жетекшісіне, бекітілген үлгіде жазбаша есеп өткізу, және барлық тапсырмалардың орындалғандығы туралы практика жетекшісінің қолымен расталған күнделікті тапсырады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты
Жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасы
Педагогикалық практиканың күнделігі
Бүгін бізде практиканың алғашқы күні. Ғ.Қайырбеков атындағы орта білім беретін мектебінен практикадан өтуге бекітілдік. Мектепке келген кезде ең алғаш пән мұғалімі Мукашова Гулбану апаймен және өзіме сынып жетекшілікке бекітілген 9в сыныбының сынып жетекшісі Тасқынбаева Жанна Самуратовнамен таныстым. Алғашқы күн оқушылармен танысумен өтті. Гулбану апайдың барлық сыныптарына қатысып, оқушылардың деңгейін бақыладым.