Бүгін маған берілген сыныптарда биология сабағы болмасада мектепке келдім. Гүлбану апайымның жоғарғы сыныптарға сабағы болатынын біліп, сабағына қатыстым. Тәжірибемді артыру үшін апайдан тапсырмаларына көмектесіп жүрдім.
Жұма 24.02.23
Бұл күні мектепке ерте келдім, себебі Кенжебай Жанардың 10б сыныбына биология сабағы бар болатын. Сабаққа пән мұғалімі өзі қатысып, сабақты бастап аяқ бақылап отырды. Бұл күні біз бірінші өткен сабаққа шолу жасап, жаңа сабақ түсіндірді. Сабақтың тақырыбы: «Жер бетіндегі тіршіліктің қалыптасу кезеңдері» - деген жеңіл, әрі қызықты тақырып өтті. Сабақта түрлі әдіс-тәсілерді қолданып, барынша түсінікті және көңілді өткізуге тырысты. Пән мұғалімі менің тапсырмаларымды бағалап, сабақтың жақсы өткендігін айтты.
6-апта.
Апта күндері
Тәрбие жұмысының мазмұны
Дүйсенбі 27.02.23
Мектепке ерте келдім. 9 «ә» сынып оқушыларын түгендеп сабаққа қанша оқушы қатысып отырғаны бақыладым. Ахметова Айгерімнің
9 «А» сыныбына биология сабағы болды. Жаңа тақырып өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Эволюцияның дәлелдемедері. Салыстырмалы-анатомиялық, палеонтологиялық, биогеографиялық, биохимиялық» - күрделі тақырып түсіндірді. Пән мұғалімі Гүлбану апай сабағыма қатысып, толықтыру керек жерлерді түсіндірді.
Сейсенбі 28.02.23
Бүл күні менде сабақ болмаса да, мектепке ерте келіп сынып жетекші болып тағайындалған сыныбымды түгендедім. Сыныпта үш оқушы жоқ болуына байланысты сынып жетекші Жанна апайға хабарладым. Ахметова Айгерімнің сабақтарына қатысып, тәжірибе жинадым.