Бүгін мектепке 8:00 – де келіп, әдеттегідей оқушыларды түгендедім. Барлық оқушы сабақта қатысты. Үзіліс арасында барып, тексеріп отырдым. Биология сабағы 10а сыныбында болды, сабаққа қатысып, Гүлбану апайдың орнына сабақ бердім. Ең алдымен оқушылардың сабаққа түгел қатысып отырғанын анықтап, үй жұмысын сұраудан бастадым. Гүлбану апай оқушылардың артында отырып, мені және оқушыларды бақылады.
Сейсенбі 14.03.23
Бүгін мектепке 7:30 –да келіп, сынып жектекшілікке тағайындалған, яғни 9ә оқушыларын күтіп алып, түгендедім. Содан кейін биология сабағы 9ә сыныпта болған соң Гүлбану апаймен барлық сабақтарына қатыстым. Апайдың сабақта қолданатын әдіс тәсілдерін сұрап, бақыладым. Гүлбану апайдан тапсырмалар алып орындадым.
Сәрсенбі 15.03.23
Бүгінде мектепке ерте келіп, оқушыларымды түгендедім. Екі оқушы сабаққа келмегенін анықтап, ең бірінші сынып жетекшісі Ляззат Маженоваға хабарлап, кейін оқушылармен байланысқа шығып, себебін анықтадым. Кейін Гулбану апайдың 8б сыныпқа сабағы болды. Сабағына қатысып, апайдың қасында қосылып сабақ бердім. Оқушылардың оқу деңгейлерін анықтадым. Сабақ соңында оқушылардан БЖБ алдық.
Бейсенбі 16.03.23
Мектепке сағат 7:45 –де келіп, оқушыларды түгендедім, бір бала сабаққа келмегенін анықтап, хабарластым. Тек автобус кешігуіне байланысты, кешігіп келетінін айтты. Ол оқушыны күтіп алып, сабағына кіргіздім. Сабаққа барлық оқушылар қатысып отырғанын Жанна Самуратовна хабарладым. Әрі қарай 8в сыныпқа “Жылықанды жануарлардың тұрақты температураны сақтауындағы терінің рөлі” тақырыбында сабақ жүргіздім. Сабағыма өзге курстастарым және универ тарапынан бекітілген Қаршыға апайым мен пән мұғалімім Гулбану апай қатысты.