Менің сыныбыма биология сабағы болмады, бірақ сонда да, мектепке келіп Жанна апайдың тапсырмаларын орындадым. 12:25 13:10 аралығында 9 «Ә» сыныптың тәрбие сағатына қатыстым. Тәрбие сағатының өткізу және жоспарлау жоғары деңгейін сараптадым. Тәрбие сағытыңда әр түрлі техника мен технологияларқолданылды. Балалар өз ойларын еркін жеткізу үшін бағыт бағдар беріліп отырды.
Сәрсенбі 8.03.23
Мерекеге байланысты демалыс болды.
Бейсенбі 9.03.23
Мектепке сағат 7:45 –де келіп, оқушыларды түгендедім, бір бала сабаққа келмегенін анықтап, хабарластым. Тек автобус кешігуіне байланысты, кешігіп келетінін айтты. Ол оқушыны күтіп алып, сабағына кіргіздім. Сабаққа барлық оқушылар қатысып отырғанын Тасқынбаева Жанна Самуратовнаға хабарладым. Әріқарай Гулбану апайдың тапсырмасын орындап, сабаққа қатыстым.
Жұма 10.03.23
Мектепке 7:30 – де келіп, оқушыларды түгендедім. Барлық оқушы сабақта қатысты. Үзіліс арасында барып, тексеріп отырдым. Биология сабағы 10а және 10б сыныптарында болды. 10 «А» сыныпқа «Селекция әдістері арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлардың қолтұқымдарын жақсарту тәсілдері. 10 «Б» сыныпқа «Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеонтроптар. Неонтроптар», тақырыбында сабақ өткіздім. Сабаққа пән мұғалімі қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.