Педагогикалық практика есебі



Дата03.12.2023
өлшемі12,57 Kb.
#134023
түріСабақ
Байланысты:
Педагогикалы практика есебі


Педагогикалық практика есебі
Мен, Есмұратова Мөлдір Ғалымжанқызы 23.01.17-06.02.17ж аралығында Ақтөбе қаласы, Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепте педагогикалық практикадан өттім.
5«А» сыныбына класс жетекші және математика пәнінен сабақ беруге бекітілген болатынмын.Практиканың үш қүнінде артта отырып оқушыларды бақыладым, пән мұғалімінің сабақтарына қатыстым. Практикадан өту барысында математика пәнінен екі апта аралығында 5 сағат сабақ өткіздім. «Бөлшекті натурал санға бөлу»; «Санның бөлігін табу»; «Бөлігі бойынша санды табу»; « Бөлігі бойынша шамаларды табу» тақырыптарын оқушыларға жетік игеруіне жағдай жасап, есеп шығарту барысында оларды шыңдай түстім. Практиканың 2-ші аптасында 5«А» сыныбына «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Ашық сабағымда қойған мақсаттарыма жеттім.1-ші аптада 5«А» сыныбына психологиялық тесттер, тренингтер жүргізу арқылы оларды одан әрі жақын тани алдым.2-ші аптада «Ынтымақ түбі-береке» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып, оқушылар белсене қатысты.Тәрбиелік жұмыстар өткізгендегі жетістіктерім әрбір сабағымның өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік мәні өте зор болды

Сонымен қатар өз сыныбымда педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім, нәтижесінде жеке оқушыға және сынып ұжымына мінездеме жазылып, оқушылардың таным процестері зерттелді.


Ойымызды қорыта келе, педагогикалық практика менің кәсіби қалыптасуымның негізі болып, болашақ мамандығыма деген ынта-ықласымды және қызығушылығымды арттырды, практиканың мәні мен маңызы өте зор болды.


Оқу жұмысын бағалау:


а) тәрбиелік жұмысына «5» (өте жақсы)
б)пән бойынша «5» (өте жақсы)
в)психо-педагогикалық мінездеме және баға

Педагогикалық-практиканың қорытынды бағасы( берілген тапсырманы орындауы мен іс-қағаздарды өрнектеуін ескеру нәтижесінде).


Пән әдіскері:


Жалпы педагогика және психология кафедрасының әдіскері:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет