Педагогикалық практика кезінде қалыптастырылатын кәсіптік - педагогикалық біліктер.
2 курс магистранты білу керек:
жекелеген сабақтарды жоспарлауды (дәріс, семинар, зертханалық-практикалық);
сабақ (дәріс, семинар, зертханалық-практикалық) конспектісін білім беру, дамыту, тәрбиелік міндеттерін ескере отырып, құрастыра білуді;
сабақты өткізу барысында әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана білуді (дәстүрлі және дәстүрлі емес);
оқу-әдістемелік құралдарды және дидактикалық материалдарды қолдана білуді;
студенттер білімін (ауызша сұрау, жазбаша тапсырма, тестік бақылау) тексеру және рейтингілік бағалау жүйесін қолдануды жүзеге асыруы ;
студенттерді жан-жақты оқыту қырын жүзеге асыруды.
Қорытынды
Болашақ педагог ретінде, алған әсер ерекше. Себебі, осы педагогикалық практика арқасында көп нәрсе үйрендім. Көпшілік алдында сөзімді нақты дәлелдеуді, іс-әрекетімді қадағалауды, ой-пікір алмасуды үйрендім. Ойды тиянақтылап, бір жүйеге келтіру арқылы, нық сөйлемдерді байланыстыру деген сияқты қасиеттерді бойыма сіңірдім
Педагогикалық практикадан өту барысында, педагогқа тән қасиеттерге ие болдым. Оқу процесін ұйымдастыруды үйрендім. Практика барысында студенттермен жұмыс жасау үлкен тәжірибе болды.
Әр студенттің жеке тұлға екендігін ескере отыра, әрқайсысында қызығушылық таныту негізгі мақсат болды. Сабақ беру кезінде өзімнің теориялық білімімді жетілдірдім.
Педагогикалық практика магистранттың теориялық білімін практика жүзінде шыңдауға қажет. Студенттермен жұмыс жасау барысында қиын жағдайларда тез арада шешім табу, ізденіс, жан-жақты зерттеу жұмыстары атқарылды.
Студенттермен сұрақ-жауап, глоссарий, баяндама, презентация, гиперссылка құру тәрізді қызықты сабақтар өткізілді. Оқу барысы қашықтықтан болған соң, студенттерді қызықтыру мақсаты біраз шығармашылық жұмыстарын талап етті. Лекция, тәжірибелік сабақтарға әдеби көздермен қоса, өзімнің бакалавр барысында алған білімімді қолдандым.
Практика барысында қойылған барлық мақсат-міндеттер орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |