Педагогикалық практикадан өту туралы есеп



бет2/6
Дата13.10.2022
өлшемі53,43 Kb.
#42808
1   2   3   4   5   6
Негізгі бөлім

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Магистранттарды кәсіби даярлау жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибе маңызды рөл атқарады. Ол университеттегі білім беру үрдісінің негізгі бөлімі болып табылады және магситранттарды оқытушылардың кәсіби іс-әрекетінің алғашқы тәжірибесіне үйретеді. 


Педагогикалық практика оқу үрдісінің кестесіне және оқу жоспарына сәйкес өткізіледі. Практиканың көлемі және бағдарламасы Қазақстан Ресубликасы Үкіметінің 2012 жылғы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 25.09.2014 ж. №1 басылымына сәйкес магистранттар мен докторанттардың практиканы өту Ережесі П 042-2.09-2014 негізінде анықталады.
Педагогикалық практика оқу үрдісімен қатарлас теориялық оқу кезеңінде жүзеге асырылады. Магистрант бакалавриаттағы, сондай-ақ орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде (лицей, гимназия, колледж және т.б.) сабақтарды өткізуге қатыстырылады. Аталған мекемелер университеттің педагогикалық практиканы өткізу базасы болып табылады.
Магистрант педагоикалық практиканы 3 кредит (жалпы сағат саны-90, оның ішінде 45 сағат аудиториялық, 45 сағат МООӨЖ) мөлшерінде өтеді.
Педагогикалық практиканың мақсаты - университетте алған теориялық білімдерін дамыту және тереңдету, бекіту, арнайы (педагогикалық) ойлауды және дағдылар мен іскерліктерді меңгеру; кәсіптік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
Педагогикалық практика міндеттері:

      • магистранттардың кәсіби мәнді тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, кәсіби біліктілік пен дағдыны дамыту, педагогикалық өздік білімін жетілдіру;

      • педагогикалық әрекеттерге зерттеушілік, шығармашылық қырын жасау;

      • оқу-тәрбиелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізудің дағдыларымен негізін зерделеу;

      • жоғары оқу орындарында (ЖОО) және арнайы орта білім беру мекемелеріндегі (АОБМ) сабақ берудің іс-тәжірибесін меңгеру;

      • студенттерді тәрбиелеу және оқытудың нақтылы міндеттерін шешу кезінде қолдану арқылы арнайы және психологиялық-педагогикалық білімдерді бекіту, тереңдету және байыту;

      • білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін, әр түрлі білім беру технологияларын, тәсілдері мен әдістерін игеру.

      • оқытушылардың оқу жүктемелері, педагогикалық іс-әрекеттері,білім беру стандарттарын жүзеге асырудың әр түрлі құжаттарымен танысу;

  • қазіргі заманғы студенттер білімін бағалау және бақылаудың психологиясын меңгеру, әр түрлі тексеру - бақылау құралдарын әзірлеу.

  • педагогикалық әрекеттерге зерттеушілік, шығармашылық қырын жасау.

Педагогикалық практика кафедраның оқытушыларының жетекшілігімен жүзеге асырылады. Университет пракика жетекшісі ретінде профессорларды, доценттерді, практиканың мазмұнын жақсы білетін, тәжірибелі ұстаздарды тағайындай алады.
Магистрант кафедраның оқу үрдісін ұйымдастыру процесстеріне қатыса алады, оқытушылармен өз курстастарының сабағына қатысып, оларға талдау жүргізуге және сабақ қонспектісін құрастырып,әдіскердің бақылауымен әр түрлі сабақтар (дәріс,практикалық-немесе зертханалық) түрлерін өткізуі тиіс .




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет