Педагогикалық практикадан өту туралы есеп



бет3/6
Дата13.10.2022
өлшемі53,43 Kb.
#42808
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ПЕД.ПРАКТИКА ЕСЕП ЖІБЕК

ПРАКТИКАНТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

2.1. Практика кезінде магистранттарға келесі қызметтер жүктеледі:

  • студент бакалавриаттардың және ұжымның әлеуметтік-психологиялық дербес және кәсіби, жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім берудің жалпы мақсаттарынан нақтылы білім беру міндеттерін анықтау;

  • бакалавриат студенттердің жеке тұлғалық қасиетін және студенттік топтардың оқуына тәрбиесіне, кәсіби өсуіне диагностика және жобалау мақсатымен зерттеу;

  • оқу, әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау, сабақтың барлық түрлеріне конспект құрастыру, дидактикалық материалды іріктеу;

  • студенттердің ғылыми-зерттеушілік, көркем өнер - шығармашылық, қоғамдық, еңбектегі, оқу-танымдылық жұмыстарды ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен әдістерін қолдану, студенттік топтар ұжымы нақойылған міндеттерді орындауға ұйымдастыру;

  • пәнішілік және пән аралық байланыстарды жүзеге асыра білуі;

  • студенттерді оқытуға және тәрбиелеуге қатысатын басқа да жетекші бөлімдермен, оқытушылармен ынтымақтастықты жасауы;

  • кәсіби ұжымдық және шығармашылық өмірді ұйымдастыру арқылы студенттер ұжымын біріктіру;

  • оқу-тәрбиелік жұмыстарды анализдеу және байқау;

  • студенттік қоғамдық ұйымдарға көмек көрсете білу;

  • кәсіби әрекетті өздігінен жетілдіруге үнемі ұмтылу;

  • өз жұмысын есепке алу және қорытындысын жасау;

  • тұтастай педагогикалық процесстердің проблемасы бойынша зерттеулер жүргізу;

  • оқытушылардың озық тәжірибелерін жинақтау және зерттеу.


3. ПРАКТИКАНТТАРДЫҢ МІНДЕТІ
3.1 Практикант-магистрант міндеті:

  • практикада қарастырылған жұмыстардың барлық түрлерін сапалы және ерікті орындауға;

  • ЖОО ішкі тәртібінің ережерлеріне, практика жетекшілерінің, оқытушы-әдіскердің талаптарына бағынуға;

  • еңбекті қорғау ережесін, техникалық қауіпсіздікті,өрт қауіпсіздігін және өндірістік санитарлық жағдайларды қатаң сақтауға;

  • әр сабаққа және аудиториядан тыс шараларға мұқият дайындалуға;

  • студенттер жиналысына, әдістемелік кеңестерге, секцияның, кафедраның, оқу кеңесінің мәжілісіне қатысуға;

  • қажетті құжаттарды жүргізуге;

  • ЖОО пракика жетекшісіне практиканы өткізу құжаттарын (жазбаша есеп, күнделік т.б.) уақытында тапсыруға тиіс.

3.2. Оқу орны тәртібін, талаптарын бұзған жағдайда магистрант оқудан шығарылады.
3.3. Практикадан шеттетілген немесе қанағаттанарлықсыз бағаланған магистрант институттың оқу кеңесінің шешімімен оқуды үзбей, қайта практика өткізуге мүмкіндік беріледі.
3.4.Себепті жағдайлармен практикадан өтпеген магистрант, кафедраның шешімімен, белгіленнген мерзімде оқу үрдісін үзбей, практиканы өте алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет