Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары



бет36/38
Дата10.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#80809
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Дәрістер Пед психология

Негізгі ұғымдар:дидактикалық талаптар, диагностика, жобалау, жоспарлау, бағалау, сабақты талдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Сабаққа қойылатын дидактикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, психологиялық және гигиеналық талаптар қандай?

  2. Сабақты талдау этаптары қандай?

  3. Мектеп құжаттамасының түрлері

  4. Жоспар түрлері, оның құрылымы және сипаты



Әдебиеттер:
1. Верзилин Н.М. Проблемы методики преподавания биологии. М., 1974
2. Махмутов М.И. Современный урок. 2-е М., 1985.44б.
3. Дидактика средней школы /под ред. М.Н. Скаткина. 2-е изд.-М.с.227.
1. Лурия А.Р. Развитие речи и формирование психических процессов. М., 1995.
2.Лурия А.Р., Юдович Ф.А. Развитие речи и формирование психических процессов ребенка. М., 1956.
3.Рубинштейн С.Л. Методики экспериментальной психологии. М., 1970.
4.Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка. В кн.: Тексты. /Под ред. П.Я. Гальперина, А.Н. Ждан. М., 1986.
5.Выготский Л.С. Мышление и речь. Собр.соч. в 6-ти т. Т. 6. М., 1982.
6.Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении. М., 1972.


14- дәріс. Қиындатылған қарым қатынастың анықтамасы және жалпы сипаттамасы. Педагогикалық өзара әрекеттесуде болатын қиындықтардың негізгі салалары
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы арқылы жүзеге асады. Адам қарым –қатынасының өзі төрт қыры бар пирамида секілді, өйткені біз ақпарат алмасамыз, басқа адамдармен әрекетке түсеміз, оларды танып сонымен қатар өзіндік уайымды бастан кешіреміз.
Адам индивидуалдылығының көпжақтылығы тек қана кәсіби іс-әрекетте емес, басқа адамдармен қарым-қатынаста көрінеді: реалды, гипотетикалық, күнделікті және конфликтілі. К.Хорнидің тұжырымы бойынша, адам бала кезінен бастап басқа адамдарға деген тұлғалық бағдарлар, 3 негізгі стратегия өндіріп, кейін оларды өмірде ұстанады: бұл адамдарға бағытталған қозғалыс, онда басты болып басқалар жағынан махаббат болып табылады, ал қалған мақсаттар оны қалауға бағыңқы болады; адамдарға қарсы бағытталған қозғалыс, онда “джунгли философиясы” басымдық көрсетеді: өмір бұл тіршілік ету үшін тоқтамайтын күрес, соның ішінде басқа адамдармен; соңғысы, адамдардан қашу, тәуелсіздік қажеттіліктерімен сипатталады, күрестің әр түрлі көріністерінен бас тартады, бірақ адамның бейімделуіне кедергі келтіреді.
Қарым-қатынас күрделі келеді және көп қызметті атқарады. Соның ішінде 5 негізгі қызметті айырықша атаа көрсетуге болады. Біріншіден, прагматикалық байланыстыру қызметі – біріккен әрекет үрдісіндегі адамдардың әрекеті арқылы қарым - қатынас жүзеге асады. Қарым – қатынас бұл жерде кез – келген бірлескен әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады. Екіншіден қалыптастырушы қызметі - қатынас адамдардың психологиялық бейнесінің қалыптасу және өзгерту процесінде пайда болады. Адамның белгілі даму кезеңінде мінез- құлық түрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның арқасында тұлғаның өзіне, әлемге деген қарым-қатынасы дамып отырады. Үшіншіден растау қызметі - басқа адамдармен қарым - қатынас барысында тұлғаның өзін-өзі тануы, өзінің құндылығын анықтау үшін басқа адамдардан тірек іздейді. Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Төртіншіден тұлғааралық қарым –қатынасты қолдау және ұйымдастыру қызметі. Басқа адамдарды қабылдау және олармен тұлғааралық қарым-қатынас орнату. Бесіншіден, тұлғаішілік қызмет – адамның өзімен - өзі қарым – қатынас жасауы болып табылады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы – қарым-қатынасқа түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы болса, интерактивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін ұйымдастыру, білім, идеялар және әрекеттермен алмасуы, яғни бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы. Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы, түсінуі, соның негізінде тұлғалар арасында өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Қарым-қатынастың әлеуметтік перцепция механизмдеріне идентификация, аттракция, эмпатия, рефлексия жатады. Идентификация - өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі, өзін өзгеге ұқсату. Аттракция - өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Эмпатия - эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу. Әлеуметтік рефлексия - қарым-қатынас барысында өзін-өзі тану механизмі болып табылады.
Қазіргі кездегі әлеуметтік психологияда өзара әрекеттесу стратегияларын көбінесе қарым-қатынасқа итермелейтін мотивтерге сүйене отырып анықтайды, соның ішінде күнделікті байланыстар шеңберінде келесілерді бөліп көрсетеді:
1.Кооперация (жалпы ұтысты максимизациялау мотивы);
2.Индивидуализм (өзіндік ұтысты максимизациялау мотивы);
3.Бәсекелестік (ұтысқа қатысты максимизациялау мотивы);
4.Альтруизм (басқаның ұтысын максимизациялау мотивы);
5.Агрессия (басқаның ұтысын минимизациялау мотивы);
6.Теңдік (ұтыстағы әр түрлілікті минимизациялау мотивы).
Бұл стратегиялар қарым-қатынастың бағытын бағыттайды және жуықтап оның нәтижесін көрсетеді; қарым-қатынас мақсаттары үшін оның қатысушыларының мотивтері бірін-бірі толықтырып тұрса қолайлы болады, ал индивидуализм мен агрессия стратегиялары қолайсыз болады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады.
Жасөспірімдік кезеңде балалардың құрдастарымен және ересектермен өзара қатынасының бөлек, тәуелсіз дамуы жалғасады. Құрбыларымен қарым – қатынас өз алдына жолдастық және достық болып, ал ересектермен қарым-қатынас – жеке және іскерлік болып бөлінеді.
Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынастың жалпы тұтас жүйесі жеткіншектік кезеңдегіге қарағанда күрделірек қалыптасады, мұнда жоғары сынып оқушылары көптеген әртүрлі әлеуметтік рольдерде ойнай бастайды. Барлық мүмкін болатын қатынастар тікелей және өзіндік балалық сипатын жойып, ересек адамдар арасында болатын қарым-қатынасқа ішкі және сыртқы түрі ұқсайтын қатынастарға айналады. Олардың негізі өзара сыйластық пен тең құқылық болады. Әсіресе жасөспірімдік кезеңде қарым-қатынаста құрдастарының алар орны ерекше келеді. Жасөспірімдік кезеңде ата-аналармен, мұғаліммен және басқа да үлкендермен қарым-қатынас пайда болып келе жатқан үлкендік сезімінің ықпалымен жүзеге асады. Жасөспірімдер үлкендер тарапынан болатын талаптарға қарсы келіп, өз құқықтары мен еркіндіктерін белсендендіруге тырысады. Олар шынайы жағдайларда кездесетін құқығын шектеу жайттарын ауыр қабылдайды, кейде келіспеушілік танытады. Мұндай жағдайда үлкендер тарапынан психологиялық үйлесімділік орната білу қажет. Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қарым - қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай жағдай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік байланыс болғанымен, уақыт өте келе арақатынастағы жеке психологиялық үйлесімсіздік олардың ресми байланыстарының кедергесіне айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет