Практикалық сабақта өздігінен ұғыну және талдау үшін және өзара бақылауға арналған сұрақтар:
1.Мына түсініктерге анықтама беріңіз: оқыту мен тәрбиелеу, ұйымдастыру, оқытуға ынталандыру, оқу әрекетін басқару;
2. Тәрбие жөніндегі ғылым – педагогика атауы қалай келіп шықты және ол қай кезеңде дербес ғылым саласына бөлінді?
3. Адам тәрбиесіндегі ішкі және сыртқы ықпалдардың рөлін сипаттап беріңіз?
4. Педагогикалық психология нені зерттейді және қандай мәселелермен шұғылданады?
5. Сіз К.Д. Ушинскийдің: «Бір түйір мрамордан керемет дүние туындататын, мектеп – шеберхана, тәрбиеші суретші сияқты» деген пікірін талдап көріңіз.
6. Ы. Алтынсарин қазақтың тұңғыш педагогы, оның «Кел балалар оқылық...» өлеңін жатқа толығымен айтып, өлеңді болашақ педагог-психолог ретінде талдаңыз.
Әдебиеттер:
1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. /орыс тілінен ауд. Құсайынова М.А. Алматы:2006. -365б.
2. Солсо Р. Қиял. Ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 7-ші т. Алматы, 2006.
3.Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.
4.Давыдов В.В. Іс-әрекет категориясының қазіргі теориялық психологиядағы орны.
5. Тұрманова Ж.Е. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Қарағанды,2013
2-Дәріс. Педагогикалық психологияның даму тарихы.
Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихына қызығушылықтар болғанымен салыстырмалы түрде ол баяу қалыптасты. Баланы зерттеу объектісі ретінде XVII-XVIII ғасырларда ғылыми жаратылыстану ғылымдарының төңірегінде әсіресе медицинада қарастырылды. XVIII ғасырдың аяғында дәрігер Д.Тидеманның баланың психологиялық қабілетінің дамуы жайлы кітабы жарыққа шықты. 1851 жылы Лебишаның «Баланың жан дүниесінің дамуы» атты кітабы жарық көреді. Бала дамуының ерекшеліктерін зерттеулердің дені дәрігерлер мен жаратылыстанушылырға тиесілі болды. 1870 жылдың аяғында орыс психиатры И.А. Сикорский бала жабырқауының ерекшеліктері туралы зерттеулерін жария етті.Баланы зерттеудегі сындарлы кезең В. Прейераның өз ұлының күнделікті дамуын бақылап,оның нәтижесін жазған «Бала жаны» атты кітабы болды. Оларға ең алғаш баланың барлық психикалық күштерінің (сезім мүшелерінің дамуы,моторика,ерік,тіл) дамуына анализ беріліп, балалық шақты оқыту әдістемесі ұсынылды. В. Прейераның кітабы жарыққа шықаннан кейін баланың даму психологиясына деген қызығушылықтар өсе түсті. Ол туралы Америкада С.Холл өз педагогикалық зерттеулерінде биогенетикалық және рекапитуляция қағидасына сүйене отырып, баланың дамуы – адами дамудың қысқартылған нұсқасы деп бекітеді. Бұдан бөлек америкалық психолог Дж.Болдуин эксперименталды психология негізінде оқушылармен жеке тіл табысу керек екендігін растады.
Педагогикалық психологияның дамуына табиғи өзін-өзі жетілдіру негізіндегі ойын формасының негізін қалаушы, неміс ғалымы К.Гростың еңбектері маңызды ықпал етті. Педагогикалық процесті психология ғылымдарының бала туралы білімдері негізінде ғылыми маңызды еңбектер жазған Я.А.Коменский, Дж.Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, А.Дистервег, П.Ф. Каптерев. Педагогикалық психологияның ғылым ретінде қалыптасуында К.Д.Ушинскийдің еңбектері маңызды рөл атқарды, әсіресе оның ( «Человек как предмет воспитания» ) «Адам тәрбие пәні ретінде», («Опыт педагогической антропологии») «Педагогикалық антропологияның дағдысы» атты кітаптары. «Егер педагогика адамды барлық қарым – қатынаста тәрбиелегісі келсе , онда ол оны барлық қарым-қатынаста танып білуі керек» деген сөз дәл осы ғалымға тиесілі.
Педагогикалық психология өз алдына жеке ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптаса бастады, ал XIX ғасырдың 80 жылдарында қарқынмен дамыды. Оның құрылымының объективті алғы шарттары мынадай болды :
Биологиядағы даму идеясының зерттемесі Ч. Дарвиннің даму белгілі бір заңдылыққа бағынады деген теориясы бойынша құрылған .Кез келген ірі психологиялық концепция бала дамуындағы заңдылықтарды іздестірумен байланысты; Педагогикалық практиканың талап етілуі (заңдылықтарды түсіну, тиімді педагогикалық үрдіс болып табылытын бала дамуының механизмі мен шарттарының негізін білу); Эксперименталды психологияның шығуы (В. Вундт, В.М. Бехтерев) және сана бөлігіндегі психикалық процестерді зерттеудің объективтік әдістемесінің зерттемесі (Г.Эббингауз), индивидуалды (жеке) ерекшеліктер (Ф. Гальтон), балалардың ақыл- есінің дамуы (А. Вине).
Достарыңызбен бөлісу: |