Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдері



Pdf көрінісі
бет24/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127
Байланысты:
конспект лекции (1)

3.
Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдері.
 
 
І кезең.
XVII ғ. ортасы – ХІХ ғ. аяғы
(жалпы дидактикалық) Ян-Амос-Коменский (1592-
1670), Жан-Жак-Руссо (1713-1778), Генрих Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт 
(1776-1841); Адольф Дистервег (1790-1866), П.Ф.Каптерев (1849-1922). Қарастырылған 
проблемалар 
даму, оқыту және тәрбие ұғымдарының өзара байланысы, оқушының 
шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі және оны дамыту, мұғалімнің рөлі, 


22 
оқытуды ұйымдастыру
. Демек, аталған ұғымдардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге 
алғашқы әрекеттердің жасалуы.
 
 
ІІ кезең. 
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғ. ортасы
. Бұл кезеңде педагогикалық психология 
алдыңғы кезең ғалымдарының педаго-гикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, 
психологиялық, психофизиологиялық, эксперименталдық зерттеулердің нәтижеле-ріне 
бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады. А.П.Нечаев, А.Бине (1896-1990) мен 
француз психологы Бергсон Анри (1859-1941), М.Оффнер, Э. Мейман, В.А.Лай, 
Г.Эббингауз, Женевадағы генетикалық психология мектебінің негізін салушы швейцар 
психологы Ж.Пиаже (1886-1980), француз психологы Анри Валлон (1872-1962), 
Дж.Дьюи (1859-1952), С.Фрэне өз зерттеулерінде 
есте сақтау ерекшеліктері, тіл 
дамыту, интеллектіні дамыту, дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т.б

мәселелерді қарастырды. 
ІІ кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт – 
педологияның 
пайда болуымен 
сипатталады. Педология (грек. paidos-бала, logos – ілім) ұғымын 1893 жылы американдық 
психолог О.Хризман ұсынды. Осы ағымның негізін қалаушылар – С.Холл, 
Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, неміс психологы Эрнст Мейман (1862-1915), В.Прейер, 
П.П.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және т.б. Бұл ағымның 
мазмұнын жасөспірімдердің дамуы туралы психологиялық анатомиялық-физиологиялық, 
биологиялық, әлеуметтік сияқты көзқарастардың жиынтығы құрады.
 
Негізгі идеясы:
бала – тұтас жүйе. Ол жеке-жеке зерттелуге, демек бір бөлігін 
физиология, бір бөлігін психология, бір бөлігін неврология зерттеуге тиіс емес. 

 
Баланы оның психикасына ғана емес, дамудың антропоморфия-лық көрсеткішіне әсер 
ететін әлеуметтік ортасын ескере отырып қана зерттеуге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет