Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


VШ. Сабақты психологиялык саралау (мектеп психологымен бірлікте)



Pdf көрінісі
бет120/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#142926
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   127
VШ. Сабақты психологиялык саралау (мектеп психологымен бірлікте). 
Сабақты талдаудың психологиялық негіздері. Сабақта ғана мұғалімнің барлық іс-әрекетін 
координациялау мен интеграциялау жүзеге асады, тек сабақта ғана мұғалім білім беру 
мен тәрбиелеудің талаптарын тұтастай дерлік оқушыға жеткізеді. 
Сабақты психологиялық талдау негізінде оқушылардың психо-логиялық дамуын нақты 
түрде болжауға болады. Сабақты психологиялық талдау сабақтағы психологиялық 
аспектілерге назар аудару немесе негативті сипатты байқау емес, сәтсіздіктерін белгілеу, 
кездейсоқ және алдын-ала болжамданған, даярланған жетістіктерді талдау. 
Мұндай жетістік мұғалімнің оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын 
меңгеруіне, өз білімін сабақ өткізуде шеберлікпен қолдануына байланысты. 
 
Охитина Л.Т пікірінше
, сабақтағы оқыту мен тәрбилеудің тиімділігі сыртқы және ішкі 
жағдайға, оқушылардың ерекшеліктеріне байланысты: 

Сыртқы жағдайлар 

 
мұғалімнің педагогикалық шеберлігі; 

 
оқу бағдарламасын, оқулықтарды, оқу құралдарын тиімді қолдану; 

 
оқыту әдістері; 

 
оқытудың техникалық құралдармен жабдықталуы және т.б.


101 

Ішкі жағдай

 
оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру; 

 
оқу материалын еркін меңгеру; 

 
мұғалімнің жұмысқа деген шығармашылық көңіл – күйі. 

Оқушының ерекшеліктері

 
ақыл – ойының даму деңгейі; 

 
сабаққа (оқуға) қатынасы; 

 
ақыл – ой әрекетін өз бетімен ұйымдастыру; 
Саралау сұрақтары: 
1. Оқушылардың сабақ барысындағы психологиялық жағдайы (даярлығы, жинақылығы
көңіл-күйі, себептері, эмоциясы).
 
2.
Зейіннің дамуы, тұрақтылығы, зейінді аудару мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін 
тәсілдер, ерікті және еріксіз зейіннің байланысы. 
3.
Есте сақтауды дамыту мен жаттықтыру, есте сақтау түрі (механикалық, мәндік, ырықты, 
ырықсыз, қысқа көру есі), есте сақтаудың негізгі принциптерін белсендіру, қабылдау, 
есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту. 
4.
Оқушылардың ойлау процесін дамыту: проблемалық ситуация тудыру, ойлау 
операцияларының параметрін қалыптастырушы тапсырманы қолдану: салыстыру, 
анализ, синтез, жинақтау, нақ-тылау, жүйелеу, абстракция, шығармашылық ойлауды 
дамытушы жағдай. 
5.
Материалды бейнелі беру арқылы қиялды дамыту. 
6.
Материалды саналы қабылдауды ұйымдастыру тәсілдері. 
7.
Оқыту процесіндегі оқушылар эмоциясы. 
8.
Сабақтың ұжымның қалыптасуына, дамуына әсері. 
9.
Мұғалімнің жас ерекшелігі психологиясы және сыныппен психологиялық қатынас туралы білімі. 
Мұғалімнің оқушылардың ой қозғалысы мен әрбір оқушының сезімін бақылауы, педагогикалық 
такт. 
Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру 
формасының ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелігі мұғалімнің дайындық 
деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу 
әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет