Жоспар
1. Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде
2. Педагогикалық шеберлік компоненттері:кәсіби білім
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік "педагогикалық шеберлік" болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде "шеберлік белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген. Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және түлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогика қойылатын талаптар туралы ағату саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогика жүктелетін жауапкершілік ерекше екнін атап айқан: «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл-материалмен алдын ала не істейтінінді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек" дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан "Мұғалім туралы" деген мақаласында "үлгілі мүғалімнің мерилі" ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет. Ұстаздық шеберлік: Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі.
Пәнді жетік білгендігі, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп,әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білетінндігі.
Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педаагогикалық әдеп пен шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бұл "тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы". Бүл женінде ол: "Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім" дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, "дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі- өнер болып табылады". Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек "мында кел"деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет-әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана" дейді. А.М.Новиков (2000), педагог тұлғасының әлеуметтік рөлі өлшеусіз артып келеді, ол педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінде, қарым-қатынасында, әдебінде, оның жан дүниесі байлығында.Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьютермен немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармең ауыстыруға болмайтынына көз жеткіздіреді. Осылайша нені үйретесің, қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық тұрады. Осыған байланысты А.Н.Новиков (2000) педагогикалық шеберліктің, мазмұнын жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда ашып береді, оқушыға өз мақсатынамұратына тез жетсем, өз орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты екеніне назар аударады. Педагогикалық шеберлік туралы түсініктерді талдай келе төмендегі пікірлерге мән берейік.
А.Б.Орлов (1988) өз мақаласында "шебер" және "жасаушы" деген түсініктердің оптималды қатысын негізге алады, "шебер" -"жасаушының" құлы болады, ал шеберлік - шығармашылық құралы деп жазады (өзек-тендіру)". Бұл дегеніңіз педагог- тиімді әрі іс-тәжірибеде ақталған әдістерді шебер меңгерген, бірақ оларды өзінің жеке кәсіби жаңалықтарымен байытуға ұмтылмайды, өзінің шығармашылық потенциалын іске асыра алмайды. Дегенмен, педагогикалық шеберлікті қажетті және жеткілікті деңгейде игермесе, кез келген маманға өзінің кәсіби саласында шығармашылығын өмірге келтіру қиын болады.
Педагогикалық шеберлік ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский : “Педагогикалық теорияны қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейді”,-деген.
Педагогикалық шеберлік - мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, сонымен қатар оны әр оқушыға жеткізе білуі, оларды толық қабыл алуы.