Педагог дегеніміз – мектепте немесе тағы басқа оқу орнында оқу – тәрбие жҧмысын ҧйымдастырушы және іске асырушы.
Оқытушы енді оқу орнында ӛз бетінше жҧмысқа кіріседі, онда кәсіби ӛсуі интенсивті және мақсатты тҥрде кемелдене тҥседі. Оның жылдамдығы мен эффективтілігі ӛзін жетілдіруге және ӛзін тәрбиелеуге деген нҧсқаудың болуына да байланысты. Сонымен қатар, жас маман тәжірибелі педагогтерден ҥйрене алады, ӛзінің әріптестерінің жҧмысын талдап, қорытынды шығара алады, семинарларға, курстарға, ғылыми конференцияларға қатысу арқылы кәсіби шеберлігін шыңдайды.
Біртіндеп оқытушының психологиялық-педагогикалық мәдениеті жоғарылайды. Репродуктивті іс-әрекетпен қоса, педагог оқыту-тәрбие процесінің жаңа элементтерімен оны жетілдірумен, модельдеумен айналысады. Бҧл екінші деңгей - педагогикалық шеберлік – ҥнемі шығармашылыққа ҧмтылу. Мҧнымен қатар педагогикалық қабілеттер дамиды, әдістемелік арсенал байиды. Бірақ педагогикалық шеберліктің қҧрылымдық компоненттерінің дамуы бірдей ӛтпейді, олардың біреулерінің ӛнімділігі жоғарырақ болуы мҥмкін.
Педагогикалық шеберлік -маманның жоғары сапада ӛз қызметін ҧйымдастыра білу қасиеттері. Мамандықтың қырын-сырын терең біліп, мамандықты жоғары деңгейде меңгеруі.
Шеберлік дегеніміз – оқытушының жоғары деңгейде кәсіби қызметін ҧйымдастыруға мҥмкіндік беретін тҧлғалық қасиеттерінің жиынтығы. (Э. А. Урунбасарова).
Ҥшінші деңгей - педагогикалық жаңашылдық. Жаңашылдық - оқытушы оқу-тәрбие ісіне жаңа идеялар енгізеді, әдістемелік жҥйелер ӛңдеп, жаңа педагогикалық технологиялар қалыптастырады. Нәтижесінде студенттердің кәсіби дайындығының ӛнімділігі ғана жоғарылап қоймайды, оның сапасы да ӛзгереді. Жаңашыл-педагог болу ҥшін теориялық және практикалық дайындықтың жоғары деңгейі, интеллектуалды қабілеттер, шығармашылық ойлау қажет.
Озат тәжірибе -теория мен тәжірибеге сҥйене отырып педагогикалық процесті жетілдіру мақсатында, қызметіне шығармашылық негізде жаңа бір идея еңгізу.
Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз – жҥйелі ҥрдіс, педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізетін жол. Ол жҧмысқа жаңа сапалық мазмҧн береді. Кәсіптік позицияны қалыптастырады.
Әділ тӛрешілер - оқушылар, ата- аналар, қоғам педагог келбетіне, моральдық тҧлғасына ӛте жоғары талаптар қояды. Жас мҧғалім мамандығы бойынша ӛз пәнін қазіргі заманның ғылым мен техникалық ӛскелең талаптарына сәйкес дәрежеде білуге тиіс. Ғылым дамыған сайын болжамдардың дәлелденіп, теорияға айналуы және жаңа фактілер мен заңдылықтардың ашылуы кеңейген сайын жас мҧғалімге қойылатын талаптар да арта тҥседі.
Қазіргі таңда дҥниежҥзілік ӛркениеттілікке жету мақсатында білім беру жҥйесін оңтайландыру қажет. Онда азаматтық міндеттерді жҥзеге асыру ҥшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге кӛтеру ҥшін бҥкіл ғаламдық мәдени қҧндылықтарға қол жеткізу қажеттілігі туындауда. Мҧны атқаратын, сӛз жоқ, мҧғалім.
Қазақстан Республикасының «Жаңа формация педагогінің ҥздіксіз педагогикалық білім беру тҧжырымдамасы» жобасында жаңа қоғам мҧғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тҧлға, ӛзін-ӛзі дамытуға және ӛзін-ӛзі кӛрсетуге ҧмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тҧлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа тҥрлерін меңгерген қҧзырлығы жоғары маман деп сипаттайды.
Бҧл тҧжырымдама жобасында кӛрсетілген мҧғаліміне қойылатын талаптар тӛмендегідей:
Біріншіден, мҧғалім жеке кӛзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тҧлға және маман мҧғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мҧғалім жалтақ болмайды. Ӛз ісін жетік біліп, табанды жҥргізетін мҧғалім ғана тҥпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мҧғалім әрбір кҥніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ҧжданын қорғай алады.
Екіншіден, мҧғалім педагогикалық, психологиялық білімін кҥнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дҥниежҥзінде ғаламтану ҥрдісі жҥріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны кӛбейді. Мҧғалім қандай пәннен сабақ бермесін, ол баланың, ӛмірдің әр саласына қатысты сҧрағына жауап беруге даяр болуы.
Әр мҧғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми тҥрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық – «Адам ӛзінің шығармашылық ӛзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тҧлға болып қалыптасады». Кӛп білу ҥшін кӛп ойлау, оқу керек. «Интернет» жҥйесін меңгеруі қажет.
Ҥшіншіден, міндетті орта білім беру стандарты, оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың кӛбеюі, мҧғалімнің білім берудегі жетекші рӛлін жойды. Енді, білім беру негіздерін ӛз бетінше оқып ҥйренуге оқушыны баулу міндеті тҧр. Ӛзінің оқушысын ӛз бетінше білім алуға ҥйретпеген мҧғалім қазір тҥпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан-жақты даму ҥшін балаға осы салада мҧғалім ғана кӛмектесе алады.
Тӛртіншіден, мҧғалім ҧйымдастырушылық, қҧрылымдық, бейімділік сараптамалық қабілеттермен қатар ӛз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, қҧбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде кҥрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мҥмкін.
Бесіншіден, мҧғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ҧстанымы жҧмысында кӛрініс тауып, ол ҧстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін субъектіге, тҧлғаға айналуы керек.
Бҧл мектептегі оқу-тәрбие ҥрдісіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізіп, білімге жаңа дәстҥрлі емес инновациялық технологияларды енгізумен сипатталады. Жоғарыда аталған талаптардың іске асуы мҧғалімнің шығармашылығын қажет етеді. Ал шығармашылық педагогикалық шеберлікке жетудің аса маңызды жолы.
Ғалымдар Ш.Т.Таубаева мен С.Н.Лактионова болашақ мектеп мҧғалімінің бейнесін былай сомдайды:
- балаға, мәдениетке, шығармашылыққа қҧндылық қатынас білдіретін;
- балалық шақтың экологиялық тазалығын қорғайтын;
- оқыту мен тәрбиенің мазмҧнымен жҧмыс атқара алатын;
- озық тәжірибелі педагогикалық технологияны меңгерген;
- қоршаған адамдармен жағымды қарым - қатынас жасай алатын және баланың дамуына қолайлы жағдай жасай алатын мҧғалім.
Ш.Т.Таубаева мен С.Н.Лактионованың болашақ мектеп мҧғалімінің бейнесін сомдауында да шығармашылықтың орны ерекше екенін байқаймыз.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман моделін», маман профессиограммасын жасау міндеті тҧр.
Бҧл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жҥргізіп жҥрген ғалымдар, психологтар Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Л.М. Митина, Ф.Н. Гоноболин, В.А. Крутецкий, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков, Н.А. Сорокин, И.А. Зимняя, Б.Г. Ананьев, Л.И. Анцыферова, В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев, Л.Д. Столяренко, П.Ф. Каптерев, т.б.
Педагогқа қойылатын талаптар-педагогикалық әрекеттің табыстылығын қамтамасыз ететін кәсіби сапалар жиынтығын меңгеру.Сондықтан да, педагогқа қойылатын ең бірінші талап –арнайы педагогикалық бейімі, таланты болуы керек, ол дегеніміз- балалармен жҧмыс жҥргізу кезінде дҧрыс тәрбие беріп, қарым – қатынас жҥргізе алу қабілеті ғана емес, ол балаларды, қызметті жақсы кӛре білуі, әдептілігі, шығармашылығы, дарындылығы деген сӛз.
Мҧғалімнің адамгершілік келбетіне талап, кәсіби қалыптасуындағы маңызы туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин т.б.педагогтар сӛз еткен.
А.С.Макаренко «Ҧстаздық дастан» деген еңбегінде– бҧл менің бар ӛмірімнің дастаны - деп жазды. Горький жазған хаттарының бірінде: «А.С.Макаренконың мҧрасы – еліміздің ӛскелең педагогика ғылымының алтын қазынасы. Оның еңбек стилі, әдеби теориялық шығармалары этика, педагогика, психология мәселелерінің тың, әрі тәрбие ісінде аса маңызды жайларын ашты».
Антон Семенович Макаренко ӛзінің ісінен ӛнеге алатын жайлары кӛп, педагогикалық ілімге толы кӛркем шығармаларымен жҧртшылығымызға ертеден белгілі. Ал оның шығармаларын ӛз тілімізде оқу-игілікті іс. А. С. Макаренко мынадай ой білдіреді: «...Мен мҧндай шеберлікті игеруге тырыстым, әуелі осындай шеберліктің немесе педагогикалық талант деп аталатынын болатынына тіпті сенбедім. Алайда таланттың кездейсоқ бӛлінуіне біз сенуіміз керек пе? Бізде осындай ерекше талантты тәрбиешілер қанша? Және де талантсыз педагогқа тап болғаны ҥшін не себепті бала жапа шегуі тиіс? Біз балалар мен жасӛспірімдерді тек таланттылар алдында тәрбиелей аламыз ба? Жоқ. Тек шеберлік туралы, яғни тәрбие процесін шынайы білу туралы, тәрбиелік іскерлік туралы ғана айту керек», - деген.
Педагогикалық шеберлікті теориялық тҧрғыда зерделеушілер: Ф.Н.Гоноболина, А.И. Щербакова, А.К.Маркова, В.А.Кан-Калик, Н.В.Кузьмина, И.А.Зязюн, Писаренко В.И, Шыныбекова Э.И., Урунбасарова Э.А., Е.И.Синица, Азаров Ю.П., Бабанский Ю.К. т.б.
А.И.Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік - мҧғалімнің ғылыми, әдістемелік ӛнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің ҥндесуі деп есептейді. Бҧл ӛнердің басты атрибуты - ӛз жҧмысын ҥлкен жауапкершілікпен орындау деген.
Ю.П.Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін былай ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі - бала тәрбиесінінің заңдылығын білу болып табылады»; «Шеберліктің мәні: технология, қарым- қатынас, тҧлға сияқты ҥштікте » дейді.
Н.В.Кузьминаның (1972,1980) пікірінше педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бҧл жалпы еңбек пен жалпы интеллектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).
Ю.К.Бабанский (1989) «мҧғалім-кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер болуға тиіс», - деп кӛрсетеді.
В.А.Сластениннің (1998) пікірі Ю.П.Азаровтың пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық технологиямен ӛзара байланыстырады, ол тек операциялық компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.
Атақты педагог, психолог ғалымдардың / И.В Павлов, А.А.Смирнов, А.Н.Леонтъев, А.А.Давыдов, Б.Е.Есипов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин және т.б./ еңбектерін қол ҥзбей оқып педагогикалық шеберлік туралы кӛптеген мағлҧматтар алуға болады. Сонда ғана мҧғалім шығармашылық еңбекті кӛрсетеді, тамаша шебері бола алады. Кезінде А.Байтҧрсынов айтқан сӛзге сҥйенсек, оқу қҧралдары қанша сапалы болғанымен, кәсіби шеберлігі тӛмен болса, онда нәтиже де тӛмен болмақ деген.
Осы орайда елімізде шеберлікке жеткен алдыңғы қатарлы тәрбие ҥлгісіне зейін қойғанда, бҧрынғы Семей облысы «Кӛкпекті» балалар ҥйінің бір кездегі директоры Жақия Шайжҥнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар ҥйінің директоры Архимед Мыңбаев, деңгейлеп оқыту технологиясын Ж.А. Қараев, жҥйелік негізде оқыту технологиясын Т.Т. Ғалиев, шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясын Қ.А. Әбдіғалиев пен Н.Н: Нҧрахметов, блоктық-модульдік технологияны М. Жанпейісованың қызметтері – нағыз шеберліктің ҥлгісі. Сондай-ақ, ынтымақтастық педагогикасын дамытушылардың (И.Ф. Шаталов, И.Е.Ильин, Ш.А. Амонашвили, Т.И. Гончарова, С.Н. Лысенкова т.б. жаңашылдық іс-әрекеттерінен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз. Психология ғылымдарының докторы, профессор Ш.П. Амонашвили 20 жылдан астам алты жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жӛнінде зерттеу жҧмысын жҥргізіп, бастауыш сыныптар мҧғалімдері ҥшін «Как живете, дети?», «Здравствуйте, дети!» атты еңбектерін жазды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.П. Иванов Ресейдің біраз мектептерінде
(Санкт-Петербург, Челябин және т.б. қалаларда) коммунар әдісін қолданудың тиімді жолдарын іздестірді.
Жаңашыл мҧғалім В.Ф. Шаталов оқыту ҥрдісіне біраз жаңалықтар енгізді. Мысалы, «Ашық ойлар сабақтары», «Десант әдісі», «Тізбек әдісі», «Тірек сигналы» және т.б.
Педагогикалық ҥрдісте озат тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. Ӛйткені, терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі, мҧғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.