Тәрбиелік ықпалды арнайы, бағдарлы жоспарлы түрде, арнайы мекемелерде жүзеге асырады. Аудиториясы шектеулі: Тәрбиелік қызметімен қатар білімдендіру қызметін атқарады.Педагогикалық этика мен ұстанымдарын басшылыққа алады
Актер
Тәрбиелік ықпалды жоспарлы түрде жүзеге асырмайды. Аудиториясы ауқымдығы жағынан кең. Білімдендіру қызметі мен міндетіне кірмейді. Өз мамандығына тыс ұстанымдарға сүйенбейді.
Аудиторияға тәрбиелік ықпал ету. Көпшілік санасына әсер ете алу қабілеті. Коммуникативтілік, харизма, амбиция көпшілік зейінін өзіне аударта білу. Қоғамдыық көзқарасты өалыптастырушы
Сыпайы, әдепті, мәдениетті өзін өзі ұстай білу; субординацияны сақтай булі; дикция, сөз тембрі, интонацияға баса көңіл бөлу; сабырлық таныту
Белгілі кәсіби ұстанымдарды ұстану; “авторитарлы тұлға” емес “демократ тұлға” келбетін имиджін қалыптастыру; ресми және бейресми лидер қызметін атқара білу; өзіне сенімді әділетті тұлға имджін қалыптастыру
Жан жақты ақпаратталған; өз көзқарасын анық және тиянақты жеткізе алу; оқушылар зейінін өзіне қарата білу; білімін үздіксіз жетілдіріп отыру; әр баланың тұлғасына жағымды әсер ету.
Педагогикалық шеберлік ерекшеліктері
Бүгінгі жас ұрпаққа жан жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады. ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: “Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер” деген. Ең бастысы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту негізгі ұстаным. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік тұғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету. Педагог міндеті оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Мектепте және кез келген оқу орнында қазіргі уақыт талабына сай сапалы білім беру.