Педагогикалық техника негіздері


) ӨЗІНІҢ ЭМОЦИОНАЛЬДЫ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРА АЛУ



бет3/4
Дата11.11.2022
өлшемі27,61 Kb.
#49558
1   2   3   4
Байланысты:
Педагогикалық технока негіздері

2) ӨЗІНІҢ ЭМОЦИОНАЛЬДЫ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРА АЛУ - өзінің психикалық жағдайын, сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемділігі .
Мұғалімнің өзін-өзі басқара білуі. Оған мынадай тәсілдерді жатқызуға болады:
- қайырымдылық пен оптимизмге тәрбиелеу
- өз тәртібіне бақылау жасау / сөйлеу, тыныс алу т.б./
- пед.қызметте жақсарту ісінде қолдану (еңбек терапиясы, музыкотерапия, биб­лиотерапия, әзіл, имитациялық ойын);
- өзін-өзі сендіру.
Осы бағытта В. А. Сухомлинский: ішкі жан дүние гармониясын сақтау үшін қайырымды, оптимист бол, әзілмен шешуді ұсынады.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕРЦЕПЦИЯ - зейін, өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі т.б.

Педагогқа адам психикасы үшін маңызы зор-кері байланыс механизмін қолдана алу иекемділігі керек. Өйткені, мінез-құлық та, дауыс та, мимика да, қол сілтеу де біздің ішкі дүниемізге, көңіл-күйімізге әсерін тигізеді.


4) СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫ – сөйлеу мәдениет, эмоциясы, дауысты қою, дем алу, интонация, сөйлеу темпі,сенім туғызуы
Мұғалімнің сөйлеу техникасы- дауыс ырғағы, тоны. Оны реттеу үшін өзімен жұмыс жасауы керек. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз әр дыбысты анық айту, дауыс екпінін таңдау, дұрыс тыныс алып, бет әлпеті мен қимылын үлесімді пайдалану шеберлігі.

Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.


Тыныс алу ағзаға ауаны қамтамасыз ететін физиологиялық қызмет атқарады, сондай-ақ ол сөйлеудің энергетикалық базасы болып та саналады. Тілдік тыныс алу- фоноционды /грекш phono - дыбыс) дегенді білдіреді. Күнделікті өмірде адамдар көбінесе диалогтық тілдесімге түсетіндіктен тыныс алу қиындық туғызбайды. Ал сабақ барысында мұғалім ұзақ уақыт сөйлеуі үшін: түсіндіру, дәріс оқу барысында тыныс алуды жаттықтырмаса онда бет қызарады, демікпе пайда болады, қан тамырлары жылдам соғуы мүмкін.
Тыныс алудың техникасы бойынша жаттығу жасау.

  1. жоғары тыныс алу: иықты көтеру, түсіру, кеудені көтеру.

  2. кеуде қуысының көтерілуі

  3. ішпен тыныс алу

Дауыс. Дауыс аппараты үш бөлімнен тұрады: генераторлық,энергетикалық, резонаторлық.
Дыбыс генерациясы дауыс жарғағында, ауыз қуысында болады , ол дыбыстардың тонын, шуын қамтамасыз реттейді.
Резонаторлық жүйе- жұтқыншақ, мұрын қуысы, ауыз қуысы- сөздің қозғылысы мен қойылуын реттейді. Дауыс қозғалысы оның жоғарығымен анықталады. Жоғарылық-дауыс тонының деңгейі. Диапазон- дауыс көлемі. Дауыс диапозонының төмендеуі монотонды сөйлеуге әкеледі. Дауыстың бір тонды дыбысталуы адамды басады, қажытады. Мұғалім сыныпты ұстап» тұруы үшін дауысты жоғары көтеріп айтады, яғни әр педагог жұмыста болған уақытының 50 %-да жоғары дауыспен сөйлейді екен. Дауыс жоғарылығының себебі-сыныпты шулатпау екендігі түсінікті. Сынып шуы орта есеппен алғанда 55-72 децибелді құрайды екен, ал сау адамның дауысының жылдамдығы 65-74 децибель шамасында болады.
Сондықтан, мұғалім кәсібіне байланысты тамақ ауруларына ұшырамас үшін күнделікті жұмыстан кейін мүмкіндігінше 2-3 сағат сөйлемегені жөн, ал сөйлеген күнде де баяу сөйлегені дұрыс.
Ритмика – белгілі бір сөздерді, сөйлемдерді ұзақ айту жылдамдығы және пауза жасау. Бұл сөйлеудің маңызды элементі болып табылады. Ол тыңдаушыларға ықпал ету көзі деп санайды К. С. Станиславский. Сөйлеу жылдамдығы педагогтың жеке қасиетіне байланысты. Қазақтар, орыстар 1 минутта- 120 сөйлемге дейін айтады екен, ал ағылшындар болса – 120-150. Эксперименттік мәліметтерге сүйенсек, 5-6 сыныптарда мұғалім минутына 60 сөйлем, 10 сыныптарда 75 сөйлемнен артық айтпауы тиіс.айтылатын сөйлем, мәтіні неғұрлым маңызды болса, соғұрлым сөз ақырын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет