Педагогикалық техниканың құралдары.
А.С.Макаренко былай деген болатын:"Тәрбиеленушілер сенің ойыҢды, жүрек сезіміңді ұққандықтан құрметтейді, сенімі артады»
1) ӨЗ ДЕНЕСІН БАСҚАРА АЛУ - физикалық денсаулық, мимика, пантомимика, жестті қолдана алу икемділігі.
Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылымы зерттейді.
Вербальды емес мәнерлілік- табысты педагогикалық үрдістің бір бөлігі. Адамдар арасындағы өзара әрекеттестік 60 тан 80 % дейін вербальды емес құралдар арқылы жүзеге асырылатынын психологтар анықтаған, ал вербальды жолдар арқылы ақпараттық 20-40 % ғана беріледі екен.
Келбет - бет пішінді байқатады. Мұғалімнің келбеті -көзқарасы, қас-қабағы ашық болуы тиіс.Оқушы мұғалімнің бет-пішініңнен, қөзқарасыңнан сенің айтайын деген ойыңды, мақұлдауыңды ұғынады.
Кәсібі көпшілік алдында сөйлеумен байланысты болғандықтан мұғалім қол қимылдары мен мимиканы қолдануды, оқушылардың көңіл-күйіне назар аударып,олардың жан дүниесін, ойларын түсінуі керек.
Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін бет қимылдары арқылы таныта білу өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер береді. Мимика ақпараттарды жақсы қабылдатуға көмектеседі. Оқушылар мұғалімнің «бетінен»-ақ оқиды» Мұғалім әрқашан балаларға қарап тұруы тиіс, қабырғаға, терезеге, төбеге қарап сөйлеуден қашу керек.
Мимика деталдары: қас пен көз. Қасты көтеру таң қалуды білдірсе, түю- бір ойға, бір мәселеге келуді, қозғалыссыз болуы- жайлылықты, үнемі қозғалыста болу- таңдануды туғызады. Ал көзі арқылы барлығын көріп, назарда ұстап тұру қажет.
Пантомимика – дене, аяқ, қолдың қозғалысы. Ол бастыны анықтауға көмектеседі. Адамның қимылына қарап, айтайын деген ойын ұғынуға болады. Аяқтың арақашықтығы 13-15 см болу керек. Алдыға қарай қозғалып айту айтылатын мәселенің маңызды екенін білдірсе, ал артқа қарай кету тыңдаушыларға еркін отыруға мүмкіндік беретін поза.
Педагогтың жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек.
Педагог қолдарының қимылы үйлесімді және жинақы болуы керек. Жест – қол сермеуі. Қол сермеудің 2 түрі бар:
Қол сермеудің бейнелеу түрі- ой тізгінімен байланысты, оны адам жиі қолданады..
Қол сермеудің психологиялық түрі- адам сезімімен байланысты.
Қол қимылдары дененің басқа қозғалыстары сияқты ақпаратпен қоса жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |