А. Байтұрсынұлы шығармаларының ТӘрбиелік мәНІ



бет1/4
Дата20.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#95542
  1   2   3   4

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Таджибаева Аккенже Буранбаевна akkenzhet@list.ru
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы №4 Алға орта мектебі КММ

«Ахмет халқының арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен, ұлтын шын сүйетін азамат еді»


С. Сейфуллин
Ахмет Байтұрсынұлы. Бұл қазақ үшін қасиетті есім.Қазақ әдебиетінің тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсынұлының да орны сондай.
Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог- ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түрколог, дарынды ақын- аудармашы, белгілі қоғам қайраткері. Ол өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түріктанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ретінде таниды.Ол 1873 жылы 15- қаңтарда Қостанай облысы Жангелдин ауданыныда дүниеге келген. 1895 жылы Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебін бітірген.1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарақаралы қалалық учелищесінде меңгеруші қызметін атқарады. 1905ж жазылған Қарқаралы петециясы(арыз- тілігі) авторларының бірі болды. Сол кезден бастап жандармдық бақылауға алынған Ахмет Байтұрсынов 1909ж бірінші шілде күні губернатор бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Көп кешікпей Ішкі істер министрлігінің Ерекше Кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Ахмет Байтұрсынов Орынборға 1910ж наурыздың тоғызында келіп, 1917 жылдың соңына дейін тұрды. Осы қалада 1913-18 ж өзінің ең жақын сенімді достары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовпен бірігіп және қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редакторлық жасаған «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Байтұрсынов 1917ж революциядан кейінгі өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған алаш қозғалысына тікелей араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси теориялық бағыт- бағдар беріп отырды. Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды және Екінші жалпы қазақ сьезінде Оқу- ағарту комиссиясы төрағасы болып сайланды.
1919ж наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге барды. Сол жылы сәуірде Байтұрсынов ықпалымен Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 1920ж казверком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. 1920-21ж Қазақ АКСР халық ағарту коммисары қызметінде болды.1922ж Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922-25ж Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. А. Байтұрсынов түрлі қызметке ат салыса жүріп, 1921-25ж Орынбордағы, 1926-28 ж Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928ж Алматыда Қазақ мемлекеттк университетінің ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929ж екінші маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынып, Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. 1930ж төртінші сәуірде ату жазасына кесілді. Бұл шешім 1931ж қаңтарда он жылға концлагерге ауыстырылды. 1934ж Максим Горькийдің жұбайы Елена Пешкованың көмегімен Байтұрсынов мерзімінен бұрын босатылып, отбасымен Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарды. 1937ж сегізінші қазанда тағы да қамауға алынып, саяси қуғын- сүргін құрбаны болды. Ахмет Байтұрсынов Алматы қаласында 1938 ж сегізінші желтоқсанда қаза тапты.
Ахмет Байтұрсынұлының атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты.
Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, туған халқын оқуға, өнер білімге шақырды.Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ алфавитінің тұңғыш реформаторы, осы жетілген жазу үлгісімен еліне тұңғыш «Әліппесін», «Тіл құралын», «Әдебиет танытқышын» сыйлаған, қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы, таза қазақ емлесімен шыққан тұңғыш «Қазақ» газетінің редакторы
Ол – ең алдымен қазақ балаларының ана тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап, танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен тұңғыш ана тілінде оқулықтар жазған автор.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет