«Педагогикалық технология» ұғымына жалпы түсінік. Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология»



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі26,7 Kb.
#126590
  1   2   3
Байланысты:
Мектепте қолданылатын педагогикалық технологияларды iрiктеу


Технология ұғымын талдау. Мектепте қолданылатын инновациялық педагогикалық технологияларды iрiктеу ұстанымдарына талдау жасау.
«Педагогикалық технология» ұғымына жалпы түсінік.
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті.
Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған. Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын біртебірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология» терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын: - біріншісі – өндіріс құралдарының жиынтығы; - екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы.
«Технология» термині сол тəсілдержүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді. «Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды: - оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы); - нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т.б.) Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет