Менеджмент негізінде тұлғалық бағдарлы басқарудың ерекшеліктері:
білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделді; барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылар мен мұғалімдердің шаршатуын болдырмауды көздейді;
оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігі оған катысушыларды іріктеп, таңдап алу арқылы емес, педагогикалық ішкі резервтер мен мүмкіндіктерді пайдалану негізінде қол жеткізіледі;
педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал-жабдықтарды жаңартудан емес, субъектарлық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуынан көрінеді;
басқарудың тұлғалық бағдарлы мазмұны білім беру үрдісіндегі тұлғалардың (оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-ана, әкімшілік) өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады;
Басқару жүйесінің дәстүрлі түсінігіндегі басқарушылардың субъектілік, басқарылушылардың объектілік мазмұны өзгеріп, оқушылар, мұғалімдер, әкімшілік басқарудың және өзіндік дамытудың субъектілері болып табылады. Педагогикалық үрдістегі субъектаралық қатынастар шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз дамуының, білімінің субъектісі болып қалыптасады (С.И.Рубинштейн, Ш.А.Амонашвили). Оқушының жеке тұлға ретінде ата-анасынан, ұстаздарынан бөлек өзіндік әлеміне бойлау арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыру, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіру;