Практика ретінде әлеуметтік педагогика ұстанымдары оның үдерісі мен нәтижесіне, тиісті қызметке, елеулі ықпал ететін факторларға сүйенетін топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз заңдылықтарына сүйенеді және олардан тиісті ұстанымдар туындайды. Әлеуметтік педагогикада факторлардың рөлі жоғарыда қаралды. Бұл ретте, олардың әрқайсысы әлеуметтік педагогикалық қызметті іске асырудың тиімділігін негіздеуші ұстанымдардың жиынтығын анықтайтындығын атап көрсетеміз. Әлеуметтік педагогикада осы ұстанымдарды біліп, олардың талаптарын басшылыққа алу қажет.
Әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдарына және олардың талаптарына жалпы сипаттама. 1. Объектілік фактормен байланысты әлеуметтік педагогика ұстанымдары: Объектілік фактордан туындайтын неғұрлым маңызы ұстанымдар: табиғатқа сәйкестік, жеке даралыққа байланыстылық және гуманизм.
Табиғатқа сәйкестік Ұстанымның бастауы. Педагогикаға ұстанымды енгізген Ян Амос Коменский (1592-1670). Ол баланың дамуына табиғи және әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігіндегі индивид ретінде қарады. Мұның маңыздылығын көптеген педагогтар мойындады. И.Г.Песталоцци: «Өзімнің кемел жасымның көп бөлігін арнаған элементарлық білім беру идеясы, теориялық және практикалық түсіндіру... табиғатқа сәйкес даму және адамзаттың күші мен тума нышандарын қалыптастырудан өзге дәңеңе де емес» 1 - деп жазды.
Ұстанымның мәні. Адам табиғи болмысқа жатады және табиғаттың, соның ішінде және де әлеуметтік табиғаттың заңдары бойынша дамиды. Бұл белгілі бір жағдайларда нақтылы адамның тиісінше бағыты, даму динамикасы және тәрбиесі болатындығын көрсетеді. Адамға деген көзқарас әлеуметтік-табиғи болмысқа деген көзқарас болуға тиіс. Ұстанымның екі түрлі құрамдас бөлігі бар: тұтастай табиғат және оның бір бөлшегі – адам (адамның өзіндік табиғат). Адамды оның табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып және оның шегінен асырмай ғана дамытуға және жетілдіруге болады. Олай болмаған жағдайда оның болмысын бүлдіріп, құрту басталады.
Ұстанымның негізгі талаптарына мынадай қажеттіліктерді жатқызуға болады:
адамның дамуы мен тәрбиесінің заңдылықтарын білу және соларға
сәйкес бүкіл әлеуметтік-педагогикалық қызметті құра білу;
мақсаттарын, оларға жету құралдарын оның бейімделушілігімен, жеке даралық ерекшеліктерімен және мүмкіндіктерімен, сондай-ақ, өзгеру динамикасымен сәйкестендіру;
ерекше мұқтаждықтары, жеке даралық, жеке даралық-түзеу және түзеу-қалпына келтіру арқылы даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыста, олардың әрқайсысы үшін жеке даралық түрде өзін-өзі жетілдіруіне неғұрлым оңтайлы жағдайларды туғыза отырып, зерттеу;