Мағжан Жұмабаев «Педагогика» оқулығы



бет1/3
Дата11.02.2023
өлшемі46,54 Kb.
#67136
  1   2   3

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті


БӨЖ-1. М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі оқыту және бағалау жайлы ұстанымдары

Орындаған: Сержан Аяжан
Тексерген: Сайдахметова Л.Т


Жоспары:

  1. Мағжан Жұмабаев

  2. «Педагогика» оқулығы

  3. Кітапта тәрбие деген не?

  4. Мағжан Жұмабаевтың классификациясы

  5. Педагогикалық оқыту және ұстанымдары

  6. Түйін

Мағжан Жұмабаев - қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ұлтының бақыты үшiн өз бақытын құрбан-дыққа шалғандардың бiрi. Қынаптағы семсердей, халқының игiлiгiне не iстеуге жұмсасада даяр болған. Ол ұлтының патриот ақыны, оның ерекше ұлт жандылығы, жастарды патриоттық сезiмге тəрбиелеудiң үлгiсi болды. Ол бiр жағы ұстаздары, бiр жағы əрiптестерi Ахмет Байтұрсынов пен Мiржақып Дулатов бiреуi тiл маманына айналып кетсе, бiреуi бiр қолымен роман, бiр қолымен есеп оқулығын жазса, Мағжан ұстаздық етумен шұғылданған, оның үстiне оқуəдiстемелiк құралдарын жазған. Ал, ақынның ''педагогика'' кiтабы, айтарға жоқ, қазақ баласын тəрбиелеуде күнi бүгiнге дейiн мұғалiм, жалпы қазақ қауымы үшiн таптырмайтын үлгi, тұңғыш қолтума оқулық.
Мағжан Жұмабаевтың ''Педагогика'' оқулығы - əрi оқулық, əрi əдiстемелiк тұрғыдағы, автордың көзiнiң тiрiсiнде екi мəрте жарық көрген. Бiрi 1922 жылы Орынборда, екiншiсi 1923 жылы Ташкент қаласында басылған.
Мағжанның ''Педагогика'' кiтабы он бес бөлiмнен тұрады. Онда рухани жан тəрбие мен дене тəрбиесi жан-жақты терең қамтылған Жұмабаев кiтабының Орынборда шыққан нұсқасына М. Жолдыбаевтың қазаққа ''Педагогика'' кiтабы қажеттi де ғажап дүние, тұңғыш оқулық деуiнiң маңызы үлкен. Мағжанның пайымдауынша бұл кiтап, баланың бесiкке салған күнiнен бастап, тəйтəй басқан əр қадамына, елжiрей көз салуы, қайтсе ол нағыз жiгiт, азамат болады, осы заманғы өркениет өресiне қол артады-деп толғануы ғажап пiкiр, нағыз педагогикалық толғаныс таза шешiм.
Әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге жастарды оқу, білімге шақырған оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ақынның “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары бүгінгі күннің өзінде педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс деп таппадым”.
Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген. Оқу құралының бiрiншi бөлiмiнде педагогиканың жалпы мәселесiне арналған. Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды, яғни 1930 жылдары онша өзекті мәселе болмаса керек. Автор тәрбиенiң осы төрт түрiн жан-жақты түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” – деген пікірі арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi”. Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады. “Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, – деп жазды ол, – пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет… Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас… Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл”,- дегендi айтады. Яғни, баланы жастайынан шыңдалып, өмiрге бейімдеп үйрету қажет дегендi айтады.
Автор “Қазақ бесiгi – аса ұқыптылықпен жасалған нәрсе. Жөргегi, тартпалары, астындағы тесiгi, шүмегi, түбегiмен баланың таза, жинақы жатуына көп себепшi” дей келе, қазақ бесiгiнiң құрылымын жетiлдiрудi (қол, аяқ бауларды жалпақ жасамау және қатты тартып байламау секілді) ұсынады.
Мағжан Жұмабаевтың “Педагогикасы” он төрт тараудан тұрады. Соның он тарауы ұлттық психологияны сөз етедi. Ал жан көрiнiстерiн ол “бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат” — деп үшке бөлiп қарастырады. Олардың өзара табиғи үйлесiмiн Абай тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда адам боласың елден ерек” – деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру деп қарастырады. Ол сыртқы сезiмдердi: көру, есту, иiскеу, тату, сипау (ет сезiмi) деп беске бөлiп қарастырып, олардың атқаратын қызметiне, ерекшелiктерiне сипаттама бередi. Оларды дұрыс жетiлдiрудiң жолдарын көрсетедi. Бұларды жетiлдiруде ұлттық дәстүрге сүйене отырып жүргiзудi, мәселен құлынның кiсiнеуiн, қойдың маңырауын, түйенiң боздауын ажырата бiлу арқылы тәрбиелеудi ұсынады. М.Жұмабаев: “Адамның әдемiлiктi сүю сезiмiн тереңдететiн де осы есту сезiмi”, – дей келiп өз пiкiрiн гректiң Орфейi, қазақтың Қорқыт күйлерi туралы ойларымен тиянақтайды.
М.Жұмабаев адам өмiрiндегi қиялдың (фантазияның) рөлiне тоқтала келiп “Қиялы дамымаған адам мылқау адам… Қиял адам ойын дамытады… Ол үшiн балаларға жастайынан қиял-ғажайып ертегiлер айтқызып үйрету керек” дейдi. Мағжан ой-қиялдың өрiстеудегi тiлдiң рөлiне тоқтала келе “Бiр ұлттың тiлiнде сол ұлттың жерi, тарихы, тұрмысы, мiнезi көрiнiп тұрады… Ұлттың тiлiнiң кеми бастауы – ұлттың құри бастауы… дегендi айтады. Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырады. Сөйтiп, ол қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда қарастырып, тұңғыш этнопедагогика ғылымының теориясын жасаушы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет