Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет149/175
Дата19.09.2023
өлшемі2,12 Mb.
#108755
түріСеминар
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Сұхбаттасу әңгімелесудің бір түрі, бірақ жауапқа баға беру және позициясын анықтауға бағдарланады. Сұхбаттасуда жобалау әдістемесі қолданылады. Сұрақ қоюшының өзінің ойы бойынша арнаулы жобаланған жаядаттар келтіреді: «Сен не істер едің, егер…».
Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлар элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты “субъект-субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.
Сұрақ-жауап әдісінің мынындай түрлері бар:

  1. Әңгіме-сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады.

  2. Сұқбат-әңгіме – сұқбаттын бір түрі. Сұхбаттасудың бұл түрі зерттеу объектісі, өз іс-әрекеті, өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі.

Сауалнама алу – белгілі құбылыс туралы үлкен топтан соған қатынасын, тілегін білу үшін ұйымдастырылады. Сауалнама жүргізу белгілі бір ережеге сәйкес құралған сұрақтар жүйесінің көмегімен психологиялық, педагогикалық ақпарат алудың әдістемелік тәсілі ретінде көрінеді. Мектеп жасында дейінгі балалардың жас ерекшелігіне қарай сауалнама алу әдісі қолданылмайды. Зерттеуші сауалнама жүргізу арқылы тәрбиеші мен ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге көзқарасын, пікірін белгілеу үшін материал алады.
Сауалнама сұрақтары ашық /өз қалауымен еркін сұрақтар беріледі/ және жабық /өзінің келісетін не келіспейтінін білдіретін дайын жауаптар, таңдау жауаптарының тізімі немесе олардың орнын жіктемеде белгілеу жауаптары беріледі/ түрде болады. Бұл үшін төмендегі талаптарды орындау қажет:

  • зерттелетін құбылысты ашатын және нақты ақпараттар беруге мүмкіндік жасайтын сұрақтар құру;

  • тура және көмекші сұрақтарды қолдану арқылы жауапты нақтылау және оның шындығына көз жеткізу;

  • бір мәндегі сұрақтар және оның жанында есіне түсіретіндей мәліметтердің болмауы;

  • ашық, жабық, аралас сауалнамаларды қолдану;

  • дайындалған сауалнаманы шағын санда тексеру және жөндеу;

1. Тест зерттеу әдісі және оның түрлері
2. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі
3. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау әдісі
1. Тест зерттеу әдісі және оның түрлері.
Тестілеу – бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады. Тест ғылыми құрал түріндегі сарапшылардың тиянақты жұмысының нәтижесі. Тестерді бұл мәселемен арнайы айналысатын кәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Сондықтан баланың міндеті жарияланған тестерді тауып, оларды пайдалануға тіреледі.
Педагогикалық тестілеу– мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті өлшеуге көмектеседі. Көптеген педагогикалық тестер белгілі талаптарға сай лайықты құрастырылып, компьпютердің көмегімен нәтижесі шығады. Үлгерім тестісі, қарапайым біліктілік тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады.
Педагогикада ең бастысы мектепке дайындықты анықтайтын парасат, кәсіби оқуға жарамдылықты тексеретін, ынталылыққа және ойын жинақтай білуге арналған, сондай-ақ әлеуметтік тестер қолданылады. Форма тұрғысынан еркін жауаптарды алдын ала болжайтын /тестке қатысушы жауапты өзі жасап немесе шешімін ұсыну керек/ тестер мен таңдауды алдын ала болжайтын тестер деп ажыратуға болады /тестке қатысушы ұсынылған нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек/. Төрт немесе бес ұсынылған нұсқадан шешімді таңдау ең икемді және жиі қолданылатын тест түрі болып табылады.
Қазіргі уақытта психометриялық тестердің ішінен жобалау тестері едәуір кеңінен таралған. Олар адамның әрдайым өзі болған жағдайларда түрленетін /қабылдау мен ұсынуда/ алғы шарттарға негізделген. Бұл тестер өзінің сипаттаушылық түсінігін беру, өмірде жоқ жануарларды салу, аяқталмаған сөйлемді жалғастыру қажеттігі бар формада болуы мүмкін, кейде суреттегі сюжетке өз түсінігін беруді ұсынады. Мысалы: белгісіз формадағы сия дақтары /Роршах тесті/.
2. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу – зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мысалы: баланың жұмыстары оның тек білімін, қызығушылығын білдіріп қана қоймай, тәрбиеші туралы мәліметтер жинауға көмектеседі. Мектепке дейінгі балалардың жұмысын талдау олардың неге қызығатынын, ойлау ерекшелігін, түсінігін, пікірін, баға беруін оқу біліктілігін анықтауға ықпалын тигізеді. Бұл әдіс балалардың іс-әрекетінің қанық талдамасына негізделеді. Олар жайлы психологиялық, педагогикалық ақпарат алуна мүмкіндік береді. Мысалы, сурет, мүсіндеу, қол еңбегі, тіл дамыту бақылау жұмыстарының нәтижелерін талдау баланың психикалық үдерінің даму ерекшелегін, білімі, біліктілігін, дағдысын және құзыреттілігінің даму деңгейі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Балалармен танысу барысында көбіне, сауалнамаларға қарағанда, олардың ойынға, еңбекке, сабақ түрлеріне және бос уақытындағы әуесіне, өмірдің басқа да аспектілеріне қатынасын көрсетуге қабілетті шығармалар өте жиі қолданылады. Мысалы, мектепке дейінгі балалардың салған суретін талдау жолымен тек танымдық қызығушылықтардың болуын ғана емес, сонымен қатар, эмоциясын, сенсорлық және эстетикалық қабілеттерін, сөздік қорын, бейнелі, логикалық ойлауы туралы ұсыныс жасауға болады.
3. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау әдісі.
Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жалпылау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді. Тәрбиешінің шығармашылық ізденісі күрделі проблемаларды шешуде көмегін игізеді. Зерттеу объектісіне жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуде ықпал етеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе тәрбиешідердің жаңашылдығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады..
Алдыңға қаралы тәжірибенің екі түрі бар: педагогикалық шеберлік, жаңашылдық. Шеберлік – педагогтың ғылыми нұсқауларды кешенді, жүйелі, білікті қолдануы. Жаңашылдығы: педагогикалық әрекетті ұйымдастыруда жаңашылдығының мазмұны. Тәжірибені зерттеу және тұжырымдау үшіні төмендегідей жүйелілік сақталады:

  • бақылау, әңгімелесу, сұрау, іс-құжаттарды зерттеу негізінде тәжірибені сипаттау;

  • бақыланған құбылысты жіктеу, белгілі анықтамалар мен ережелердің негізінде қорытындылау;

  • себеп-салдар байланыстарын, оқу-тәрбие үдерісінің түрлі байланыс тетігін белгілеу.

Ю.К.Бабанский, В.И.Бондарь, Я.С.Турбовскойдың еңбектерінде, зерттеулерінде озық тәжірибені және оған жету жолдарын қарастырды. Я.С.Турбовскойдың пікірінше, озық-тәжірибе — оку-тәрбие үдерісін жетілдіру мен жетістікке жету жолындағы мақсат көздеген іс-тәжірибе. Озық тәжірибе қазіргі уақытта өсіп келе жатқан жас үрпақты оқытып тәрбиелеудегі көкейкесті, өзекті мәселелерді қанағаттаңдыра алады.
Ю.К.Бабанский озық тәжірибені іс-әрекеттік деңгейіне қарай жіктей келе «жалпы тәжірибе», «озық тәжірибе», «жаңалықты тәжірибе», «зерттеушілік тәжірибе» деп бөліп қарастырды. Ш.Таубаева озық тәжірибені педагогикалық тәжірибе, озық педагогикалық тәжірибе деп қарастыра келе, төмендегідей анықтама береді: озық тәжірибе — педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіндегі жоғары сапаға ие болған нақты іс-әрекетінің нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет