Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы жөнінде түсінік Педагогикалык зерттеудердін әдіснамасы. «Әдіснама»


Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі



бет2/2
Дата15.10.2023
өлшемі25,09 Kb.
#115317
1   2
Байланысты:
ғылыми

Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі
Зерттеу мәселесі шешілуге тиісті, бірақ алі шешілмеген теориялық және тәжірибелік мүддені көздейтін күрделі танымдық міндет.
Педагогикалық зерттеулер тәжірибе қажеттілігінен туындайды. Ал, ғылыми мәселе тәжірибелік әрекетті жетілдіруге ықпал жасайды. Тәжірибе қажеттілігі әлі ғылыми мәселе емес. Ол сол мәселені зерттеуге, оның жолдарын іздеуге, табуға ықпал жасайды. Ғылым құралдарымен шешуді талап етеді. Кейбір тәжірибелік мәселелер ғылым құралдарынсыз-ақ шешіледі. Мысалы, кадрларды тұрақтандыру, шығармашылық жұмыс жасауға жағдай жасау және т.б. сондықтан көптеген зерттеушілер тәжірибе және теорияны байланыстыру мәселе болып есептеледі деп дәлелдейді. 
Зерттеу проблемасы – практиканың қажеттілігі мен ғылымда сол ережені жасақтау деңгейі арасындағы қайшылықтың тұжырымдалуы, сондай-ақ осы қайшылықты шешу жолдары мен жағдайын іздеу (ғылымда бұрын зерделенбеген ішінен нені зерттеу керек?);
Зерттеу мәселесі – тәжірибенің күйін және ғылыми әдебиетті зерттеудің нәтижесі. 
Тәжірибе мен теорияның арасындағы қарама – қайшылық – ғылыми мәселенің мәні. 
Мәселені ғылыми жалпыланған сұрақтардың тұжырымдалған жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Сондақтан оқытушы болашақ мұғалімдерге мәселе (проблема) ұғымының мәнін ашып беруі тиіс. «Promblema» сөзі грек тілінен аударғанда «қиындық», «кедергі» деген ұғымды білдіреді.
Мәселені қою дегеніміз таным үдерістің барысында туындаған сұрақтардың ішінен нені зерттеу керек деген сұраққа жауап беру деген сөз.
Зерттеудің көкейкестілігін негіздеу- бұл мәселені осы кезде неге зерттеу керек екендігін түсіндіру. Демек, оқу мен тәрбиенің теориясын және тәжірибесін бұдан былай да дамыту үшін тиісті мәселелердің қажеттігін дер кезінде зерттеп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. 
Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын табады, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, тәжірибеде орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. 
Болашақ мұғалімдерді тәжірибелік және ғылыми көкейкестілікті ажырата білуге бағыттау керек. Мәселе ғылымда шешілген, белгілі бір себептермен тәжірибеге орын ала алмауы мүмкін. Бұл жағдайда мәселелердің ғылыми шешімін тәжірибеде қолдануға күшті жұмылдыру керек. 
Мәселеде белгіленген қарама – қайшылықтар тақырыпты нақтылай түсуге ықпал етеді. 
Тақырыпта мәселе көрінуі тиіс. Тақырып ғылымдағы жетістіктердің қозғалысын, қалыпты жағдайдан жаңаға ұмтылу, ескі мен жаңаның байланысын бейнелейді.
Зерттеу тақырыбы қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды. 
Зерттеу тақырыбы – зерттеу аумағының нақты және қысқа шектелген аспектілері.
Зерттеу тақырыбы – ғылыми танымның, зерделеу, түсіндіру үдерістің немесе ғылыми әдістерді қолдану арқылы қайта құру жұмысының бағытталған педагогикалық шындықтың бөлігі ( не қарастырылады?). 
Зерттеу тақырыбын анықтай отырып, оның көкейкестілігін төрт бағытта қарастыруға болады: 
- көпшілік жұртшылықтың бұл зерттеуді қажетсіну;
- қоғам талабына сай болу;
- тәжірибедегі маңыздылығы;
- теориядағы зерттелуі. 
Зерттеудің (тақырыптың) өзектілігі – қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде білімге қоятын талаптарының қысқаша көрініс табуы, педагогикалық ғылымды дамыту үшін әлеуметтік-педагогикалық маңыздығы, мәнділігі, мәселеге ғылыми әдебиеттерде талдау жасалынғаны және педагогикалық практиканы жетілдіру үшін осы зерттеудің дер кезінде жүргізілетіні ( қазіргі уақытта неге нақ осы проблеманы зерделеу қажет?).
Зерттеу тақырыбын негіздеу - нақты тақырыпты зерттеу қажеттілігін растау;
Тақырыпты алғашқы негіздеу – мәселе бойынша ғылымның жай- күйін қысқаша сипаттау және нашар немесе жеткіліксіз әзірленген сұрақтарды нақтылау. Тақырыпты екінші қайтара негіздеу ғылымдағы қандай да бір сұрақтардың жеткіліксіз әзірленгендігіне байланысты қанағаттандырылмаған педагогикалық тәжірибенің қажеттілігінен туындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет